ойын сауық отауы
Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев
28.08.2018 8 136 0 Дауыл

Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев «Өмір, қымбаттым менің» өлеңі

Ақшашты атадан қорқам,
Өзім сондай болам - ау деп.
Мүрделі жотадан қорқам,
Мен де сонда қалам - ау деп,
Кім есіркер қартайсақ, балам - ау деп.
Шимай - шимай әжімнен қорқам,
Бетіме менің көшеді - ау деп,
Күлімдеген көзімнен қорқам,
Оның да оты өшеді - ау деп,
Заманым менен көшеді - ау деп.
Сықырлаған таяқтан қорқам,
Бір күні қолға алам - ау деп.
Тықылдаған сағаттан қорқам,
Бір күні тоқтап қалады - ау деп,
Уақыт зулап барады - ау деп.
Қырқадағы гүлдерден қорқам,
Күз келсе бәрі солады - ау деп.
Зулаған жүйрік күндерден қорқам,
Қанаты бір күні талады - ау деп.
Көтеремін баланы: - Әу,- деп.
Лап етіп өшкен сезімнен қорқам,
Түбіме менің жетеді - ау деп.
Бәрін де өзімнен қорқам,
Көп күнім бекер өтеді - ау деп,
Уақыт тастап кетеді - ау деп.

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз. Барлығына уақыт жоқ жететұғын, Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Көшеді бұлттар... Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын? Ілінген бе мойныма тұмардай мұң? Қайда барсам, сумаңдап шығады алдан шұбарлана ысылдап жылан - қайғым.
Қасқырға Қасқырға
О, сайтан! Алмас азу, қандыбалақ, Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада. Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба? Тұра - тұр, көрісерміз қанжығада.
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Басымнан қорқам Басымнан қорқам
Мен басымнан қорқамын атом ба деп, Бір әлемет жасалып жатыр ма деп. Мұндай - дағы сұрапыл тап болар ма, Өзі болған өзімен пақырға кеп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×