ойын сауық отауы
Сәби - ана
12.05.2016 13 910 1 Дауыл

Сәби - ана

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.
Бір қолында батпандай қуыршағы,
Бір қолында ойыншық құлыншағы.
Екі жансыз мүсінді мәпелейді,
Мәпелейді, біресе ұрысады.
Қарадық та, селт етпей жанарымыз,
Алжығанға санадық Ананы біз.
... Бораны ұлып, бетінен боздағы ұшқан,
Сұлап жатыр далада жаралы күз.
Бәйек болмай отырған жан қалмады,
Сонда да Ана назарын аудармады.
Сәбидейін өзімен - өзі болып,
Қуыршақ пен құлыншақ алданғаны.
Сөзге тартпақ болып ек, естімеді,
(Адам қалай оп - оңай ескіреді?
Адамның ғұмырынан қысқа не бар,
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді).
- Жастар - ай, жамандық жоқ көңіліңізде,
Мына отырған Ана кім, көрдіңіз бе?
Бір күрсініп алды да, отырған қарт
Ана өмірін баяндап берді бізге.
(Ана халін қарттан біз ұғындық кең)
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен,
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен!
Сәби - ана сапардан ұлын күткен.
Сұрапылдан сәбиі оралмапты,
Қуыршақ пен құлыншақ содан қапты.
... Қара жолды қаптай кеп тозаң жапты,
Қаралы күз қайтадан борандатты.
Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,
Қап - қара жамылғысын ала келді.
Ауылына жетті де сәби - ана,
Ойыншығын құшақтап қала берді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Балаларға арналған тақпақтар жинағы Балаларға арналған тақпақтар жинағы
Жазғы демалыс бітіпті. Бірінші қыркүйек жетіпті. Сабақ қызық болған соң, Барлық бала келіпті.
Жиырма жылдық кездесу Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Сәуір келгенде Сәуір келгенде
Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме, Қабағынан шуақ шашты келді де, Алты ай қыста үйден шықпай отырған Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Қараңғы, дауылды түн Қараңғы, дауылды түн
Қараңғы, дауылды түн cap далада, Патшалық құрған өлім айналада. Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Жер жүзіне... Жер жүзіне...
Оқудан қайтты жас Сапар, Терде отырған ақсақал Орын берді қасынан. - He білдің, балам? He хабар?
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Kamshat Saginai
#1 Kamshat Saginai Қонақ 1 қазан 2018 00:31
Керемет өлең
×