ойын сауық отауы
He деген керемет күн!
11.07.2016 4 717 0 Дауыл

He деген керемет күн!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі He деген керемет күн!

He деген керемет күн!
Жанында бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
He деген керемет күн!
Естіледі бал - ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта,
Дел - сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күңнің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанатынан,
Шарықтап шыңырауда ана - қыран;
Ару - жер өз дидарын қарап жатыр,
Мөп - мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
He деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби - дүние.
Келеді өміріңді бере кеткің...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қасым солай болмаса... Қасым солай болмаса...
Дейсіңдер - ау! Қасымның несі басым?! Қасым солай болмаса, несі Қасым, «Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым.
Қар жауып тұр Қар жауып тұр
Апыр - ау, бір - ақ түнде қыс келген бе?! Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп, Бір - ақ түнде керемет істелген
Хал мүшкіл, қалқам Хал мүшкіл, қалқам
Керемет кезде тусақ та, Керемет шақта тұрсақ та, Білдірмей іштен тынсақ та, Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Мінез Мінез
Кезімде қадірімді сезбес мынау, Бекер - ақ, қарғам, маған кездестің - ау Келмеске әлдеқашан аттандырған, Керемет күндеріммен кездестім - ау!..
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×