ойын сауық отауы
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
09.05.2016 4 242 0 Дауыл

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Сыбағам қайда? Сыбағам қайда?
Қарамай сақалыңа, шалдығыңа, Жарасып тұрушы еді қалжыңым да. Қарабайдай қатайып алыпсың ғой, Ата, Сен, шыныменен алжыдың ба?!
Жүрек неге зат болып жаралмаған?! Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
Қарғам менің! Қарғам менің! Аласарып барады арман - көгім. Жалған десе, дүние жалған ба едің?! Жараланған көңілім дал - дал менің.
Жарық дүние - ай! Жарық дүние - ай!
Жарық дүние - ай! Жарығың неткен жақсы еді? Жаңылыспаспын, жарым деп айтсам нақ сені. Құшаққа сыйсаң, құшырым қанып, өбер ем, Құшақтап тұрып, өлер ем.
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
He деген керемет күн! He деген керемет күн!
He деген керемет күн! Жанында бәрі даяр не керектің: Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны, Естіледі ұшқаны көбелектің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×