ойын сауық отауы
Жүректен жыр, көзден тамшы боталап
21.01.2018 1 889 0 Дауыл

Жүректен жыр, көзден тамшы боталап

Өлеңдер
Жүректен жыр, көзден тамшы боталап,
Тау тағдырымның төсіне
Жыласам ба екен жата қап?!
Бір сорлының күлкісіне қаталап,
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Шаһарында Музаның
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі, Махаббат!

Қанымды іштің, қысылмағын, қанып іш
Тау қозғалтатын мінезіңмен
Қолыңыздан келеді бұл алып іс.
Кеудеме кеп жасай бермей жарылыс
Бұл сезімді менен аулақ алып ұш.
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Өң мен түстің ішінде
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі, Сағыныш!

Он ғасырға жасайтындай секіріс
Тауы шағылмас жүрекпен,
Өлмейтұғын оқырманға жазып кетем өтініш.
Қирап жатыр үмітімнен тұрғызылған бекініс,
Кезіп жүрмін қайыр сұрап
Өмір, өлім арасын
Сол үшін де мейіріңіз үстем болсын
Жоғары мәртебелі, Өкініш!!!

Авторы: Танакөз Толқынқызы

Досыма хат Досыма хат
Аманбысың, досым - ау алыстағы, Көп болыпты соңғы хат, алысқалы. Тым бейхабар кетті деп айыптама. Мұрша бермей, өмірдің ағыстары.
Жанарымда жас қаулап. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Жанарымда жас қаулап. Танакөз Толқынқызының
Жанарымда жас қаулап, Жалғыз қалдым көшеде. Бәрі осылай аспандап, Бәрі осылай өше ме?
Мал-жанға берілетін бата Мал-жанға берілетін бата
Е, Құдайым, оңдасын, Мың саулығың қоздасын. Сегіз түйең боталап, Сегіз келін қомдасын.
Бір шоқ емен Бір шоқ емен
Кештер, кештер, жазғы кештер Өтіп жатыр жанға жайлы. Көз алдымда жақсы елестер, Бір тәтті үшін құшақ жайды.
Сен қайда жүрсің Сен қайда жүрсің
Сен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып? Мен сені іздеп жүрмін
Жасасаң қайыр, қарыз... Жасасаң қайыр, қарыз...
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×