ойын сауық отауы
Досыма хат
15.03.2019 10 786 0 Дауыл

Досыма хат

Өлеңдер
Досыма хат
Аманбысың, досым - ау алыстағы,
Көп болыпты соңғы хат, алысқалы.
Тым бейхабар кетті деп айыптама.
Мұрша бермей, өмірдің ағыстары.

Қалыпты ма жұмыс, үй тіршілігі.
Бос уақыт жоқ шығар, біз түгілі.
Жұбайыңа қарайтын, қызметің бар.
Кеше кетіп, келетін бүрсігүні.

Кінәлама, қоңырау шалмағанға.
Маңдай тіреп, мейман боп бармағанға.
Ертең жетем, деп бермен уәдемді.
Бала емессің көнетін, алдағанға.

Менде жүрмін, қайыстай иі қанып.
Бір басыма мың тірлік үйіп алып.
Алға қарай сүйреймін боз күймесін.
Қу тірліктің қамытын, киіп алып.

Жастық дәурен келмейді ау, аңсағанмен.
Түсінісіп үйрендік, барша адаммен.
Маңдайыңа жазылса, шамаң барма?
Тағдыр бастан сипамас, шаршағанмен.

Қонаққа кеп кетсеңші, ауыл аймақ.
Шомылып бір, жатайық балық аулап.
Сағынысқан досыңмен, бір қуанып.
Дәмін татып ауылдың, азын аулақ.

Ал бауырым, қауышайық дін аманда.
Есіме алмай өзіңді, жүре алам ба?
Сен де жазып тұрғайсың, хабарыңды.
Дұғай дұғай сәлем айт, сұрағанға!

Кенжемұрат Сақтаған

Әй, күйгелек досым-ай Әй, күйгелек досым-ай
Әй, күйгелек досым - ай, Көңіліңнің босын - ай. Сүйретіліп өмірде, Жеткен жерің осы ма - ай?!
Үш қыз астарлы әңгіме Үш қыз астарлы әңгіме
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме. Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз
Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы Сұрап жатса досыма жан беремін. Бек Ноғайбайұлы
Аспайтын өзен едім бір арнадан, Досқа да, дұшпанға да жыр арнаған. Дұшпанды мақтамасам, даттамаймын, Бір жақсылық бір күні қылар маған.
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз
Дұғай да дұғай сәлем айт, «Айқап» пенен «Қазаққа». Кекеу, сөгіс сөзден қайт, Кез боларсыз мазаққа.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×