Алматы ауасындай мінезің бар... Қасым Аманжолов
Өлеңдер
Алматы ауасындай мінезің бар...
Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық - суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды - ау жуық!
1953
Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық - суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды - ау жуық!
1953
Қасым Аманжолов Қасым Аманжоловтың өлеңдері қасым аманжолов өлеңдері өлеңдер алматы ауасындай мінезің бар текст теңеу өлең
Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Япырай, мына күннің райын - ай! Қасым Аманжолов
Япырай, мына күннің райын - ай! Төсектен тәуір болып тұрайын - ай. Десем де қабағын бір қойды - ау ашпай Ерегіскен, енеңді ұрайын - ай!
Алматы ауасындай мінезің бар. Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар, Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Алматы. Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Келдім сені сағынып, Алтын ұям - Алматым.
Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып
бәрін де ұғып тұрдым. Жанарымнан от - ұшқын шашылғанмен, жанымда тұнып тұр мұң - сен мені ұмыт, құрбым.