ойын сауық отауы
Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
03.09.2018 9 697 0 Дауыл

Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
ЖАС ДӘУРЕН
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым,
Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын.
Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,
Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Жас дәурен,
Ризамын мен саған.
Жан сәулем,
Келші сәулем, аңсаған.
Жас дәурен – жігер оты жанған жалын,
Көрмесем қызығыңды армандамын.
Өмірге екі келер уақытым жоқ,
Сондықтан үлесімді мол қармадым.
Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын,
Ән мен күй, өлең сені қоя алмаспын.
Тірлікте тербелейін, тебіренейін,
Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.
Жас дәурен,
Нажағайлы алтын жаз.
Жан сәулем,
Қосыл күйге, айтшы наз.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Өзім туралы. Қасым Аманжоловтың өлең Өзім туралы. Қасым Аманжоловтың өлең
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Алматы ауасындай мінезің бар. Қасым Аманжолов Алматы ауасындай мінезің бар. Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар, Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі
Жаз дидарлы жас ана, Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс, жасара, Бөбегіңді әлдиле.
Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі
Қашанғы қайсар қария, Қамкөңіл жалғыз қара ағаш! Жағасында дария Қыстай тұрдың жалаңаш. Жасартып сені келді жаз, Бұтағыңда бұлбұл құс.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×