Алматы ауасындай мінезің бар. Қасым Аманжолов
Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық – суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық – суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
Алматы ауасындай мінезің бар Қасым Аманжолов Қасым Аманжоловтың өлеңдері қасым аманжолов өлеңдері өлеңдер Алматы ауасындай мінезің бар өлең текст қасым аманжоловтың өлеңі алматы ауасындай мінезің бар
Өлең туралы. Қасым Аманжолов өлеңі
Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай. Өтеді уақыт жылысып, Өз міндетін атқармай...
Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Япырай, мына күннің райын - ай! Қасым Аманжолов
Япырай, мына күннің райын - ай! Төсектен тәуір болып тұрайын - ай. Десем де қабағын бір қойды - ау ашпай Ерегіскен, енеңді ұрайын - ай!
Су жағасында. Қасым Аманжолов өлеңі
Сарғая күтіп көктемді Сап - сары боп су ақты... Шынтаққа алып сексенді, Жағада жалғыз шал жатты.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Алматы ауасындай мінезің бар... Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар, Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.