ойын сауық отауы
Күлемін де жылаймын. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 6 880 0 Дауыл

Күлемін де жылаймын. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
Күлемін де жылаймын

Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін.
Неге ғана бұлаймын, –
Өзім ғана білемін.
Өкінбеймін өмірге
Босқа келген екем деп.
Өкінемін бір күнде
Түк бітірмей кетем деп.
Мен сүйемін өмірді
Құшақтаймын жарымдай.
Бірде болам көңілді,
Бірде тұрам қайғырмай.
Білмеген жан өлерін
Қайтып сүйер өмірді.
Білмей қайғы келерін,
Қайтіп болар көңілді?
Дәл осыны түсінбес
Адамдар бар, не шара!
Іші қуыс, сырты мес,
Тас бауырлы бишара.
– Жылама сен, күл, – дейді.
Күлсем және сенбейді.
Қаратер боп тергейді,
– Неге күлдің сен? – дейді.
Күле білмес қуыршақ,
Жылай білмес, – ақиқат.
Күлсек, яки қайғырсақ –
Бәрі болар оған жат.
Ол сорлының ойынша –
Даурығумен күн өтсін.
Бар арманы – тойынса,
Құлқын үшін күнелтсін.
Бас көтерсе төсектен,
Өз үйіне сыймайды.
Дүниедегі өсектен
Дым қалдырмай жинайды.
Ішкенге мас, жесе тоқ,
Құр даурығу, бос ыржаң.
Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,
Неткен сонша сорлы жан.
Осындай дос көргенде,
Қайтіп қана шыдарсың.
Ойлап - ойлап келгенде,
Күлерсің де жыларсың.
1940 ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Жанна. Қасым Аманжолов өлеңі Жанна. Қасым Аманжолов өлеңі
Артқа тастап алтыны, Жанна жетті жетіге. Жазды бастап «А», «Б»- ны, Бірді қосып екіге. Нажағайдай жалт беріп, Жарқылдайды жанары.
Сабыр етші. Қасым Аманжолов өлеңі Сабыр етші. Қасым Аманжолов өлеңі
Неге мұнша, сорлы жүрек, соғасың? Неге күйіп, неге мұздап тоңасың? Арпалысып тыныш жата алмай ұяңда, Неге мұнша мазасыз сен боласың?!
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Мен – табиғат бөбегі. Қасым Аманжолов өлеңі Мен – табиғат бөбегі. Қасым Аманжолов өлеңі
Мен – табиғат бөбегі, Еркін жанмын еркемін. Аузымда жастық өлеңі, Еркелеп күйім шертемін.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй. Танакөз
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй? Үздіктірген бұл неткен еңілік күй? Еркелеймін. Күлемін. Ынтығамын. Сүйер болсаң, дәл мендей егіліп сүй!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×