ойын сауық отауы
Сабыр етші. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 3 988 0 Дауыл

Сабыр етші. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
САБЫР ЕТШІ
Неге мұнша, сорлы жүрек, соғасың?
Неге күйіп, неге мұздап тоңасың?
Арпалысып тыныш жата алмай ұяңда,
Неге мұнша мазасыз сен боласың?!
Неге мұнша үрейлене соғасың?
Қиял кернеп, нені ойлап шоласың?
Сорлы жүрек, ойларсың да, толғарсың,
Толарсың да, сарғаясың, соларсың.
Неге мұнша жалындайсың, жанасың?
Жанды қинап, тәнді өртеп барасың?
Өл дейсің бе, кет дейсің бе ғайып боп,
Талақ етіп жер мен көктің арасын!
Сорлы жүрек, баяуладың балбырап,
Сорлы жүрек, талдың ғой сен қалжырап.
Не қыласың өзіңді - өзің жаралап,
Қажымашы сабыр етші азырақ!
Сабыр етші, жан - тәнімді талдырмай,
(Не шара бар, кетті ғой ол қайрылмай.
Сен жыласаң – ол күледі мәз болып,
Сен өлсең де, жүре берер қайғырмай).
Сабыр етші, мен де тыным алайын,
Сабыр етші, бар тілегің табайын.
Сабыр етші қайғыңды мен жояйын,
Күй шертейін, шырқатып ән салайын!
Сабыр етші, қолға қалам алайын,
Толғанайын, ой құдығын қазайын.
Тау суындай сөз шығарып кеудеден,
Сырыңды мен жырға тізіп жазайын.
Сабыр етші, не десең де тұрайын,
Қырандайын, көкке құлаш ұрайын.
Көкті кешіп, бұлтты тесіп, Айға өрлеп,
Күнге барып тілегіңді сұрайын!
Сабыр етші, жерді кезіп кетейін,
Асқар таудан, орман - нудан өтейін.
Жонын тіліп, тоңын, тасын қопарып,
Қол тимеген қойынына жетейін.
Сабыр етші, суға түсіп жүзейін,
Судың бетін қалқып, түбін сүзейін.
Су сұлуын, барлық асыл бұйымын,
Мөлдіретіп, алдыңа әкеп тізейін!
Сабыр етші, не десең де көнейін,
Өмір – бақша, біраз жеміс терейін.
Соның бәрін жырға тізіп, дестелеп,
Мәңгі өшпес ескерткіш сап берейін!
29 қаңтар, 1936, Орал
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және намыс... Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және
Үш нәрсені ешқашан жоғалтпа – үміт, сабыр және намыс.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Күлемін де жылаймын. Қасым Аманжолов өлеңі Күлемін де жылаймын. Қасым Аманжолов өлеңі
Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін. Неге ғана бұлаймын, – Өзім ғана білемін. Өкінбеймін өмірге Босқа келген екем деп. Өкінемін бір күнде Түк
Сонда да біз... Сонда да біз...
Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба, Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»! Бұл өмірде баладан асыл бар ма, Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба!
Мен сорлы Мен сорлы
Талайсыз, бақсыз мен сорлы, Бір ісім оңға бармаған. Мен не жаздым о ғұрлы, Тәңірі мұнша қарғаған?
Жәмила Жәмила
Жәмила! Мұнша неге жүдедің? Бетінде тамшы қан жоқ қой. Жаралы ма жүрегің? Тегінде, терең зар көп қой!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×