ойын сауық отауы
Күз - Жұбан Молдағалиев
10.10.2018 2 712 0 Дауыл

Күз - Жұбан Молдағалиев

Өлеңдер
Күз - Жұбан Молдағалиев

Күндері бар қызуы әбден сөнбеген,
Гүлдері бар қызылы әлі сембеген.
Күз де менің елу жасым сияқты,
Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген.
Қызылы да, қызу да жаз сарқыны,
Тоңазытқан таңғы шықтар салқыны,
Күз де менің елу жасым сияқты
«Ертең» емес, «кеше» болған сол күні.
Жалт ойнайды нажағайлар жырақта.
Шөмелелер өртенбейді бірақта.
Күз де менің елу жасым сияқты
Дірілдейді қарап айна бұлаққа.
Бірде жарқын, бірде бұлттар құрыстап,
Бірде жаңбыр, бірде қары тыныстап.
Күз де менің елу жасым сияқты
Жаз бен күздің шекарасын тұр ұстап.
Сарғыш тартып, бақтың жүзі тұр сынып,
Бұйра талдар болады ғой құр сырық.
Күз де менің елу жасым сияқты
Әлденені жоқтағандай күрсініп.
Далада да сайраңдаған сары елес,
Сары сурет алтын таңның сөрі емес.
Күз де менің елу жасым сияқты,
Не жігіт жас, не еңкейген кәрі емес.
Ағаш басып, тау мен түздің таз жонын
Қыздыратын қытып жұмсап аз шоғып,
Күз де менің елу жасым сияқты
Біледі ғой бір жылда екі - жаз жоғын.
Күзде, бірақ жайрап жатыр жемістер.
Күзде шынар жылдық істер, жұмыстер.
Күздер менің елу жасым сияқты,
Алаңы жоқ шаруадай жұмыскер.

Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен,
Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Күбірлесіп жүректегі хаттармен. Неге менің жанымдағы достарым, Дос болады дүниемен, ақшамен?!
Сіздің жасыңыз нешеде? Сіздің жасыңыз нешеде?
Адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жас.
Күзгі көңіл Күзгі көңіл
Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі - қалтылдайды сап - сары шөп бастары. Көңіл желін бұлтпен басып тастады, күзгі өңірдің шаттығы да сап - сары.
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп, Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп. Жүректегі жалынды көзден жас қып, Ағызғаным болады ол неге сеп?
Сынық қанат шағалам Сынық қанат шағалам
Теңіздің тіліп айдынын, Кемелер кетіп барады, Желкенді менің қайығым, Жалт беріп бірде қалады.
Н. Қ. Ханымға Н. Қ. Ханымға
Рақатсыз өтсе де өмір жасым, Бұл жөнімнен Құдайым айырмасын. Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң, Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×