ойын сауық отауы
Сіздің жасыңыз нешеде?
10.06.2018 2 239 0 Дауыл

Сіздің жасыңыз нешеде?

Бұл қызықты
СІЗДІҢ ЖАСЫҢЫЗ НЕШЕДЕ?
АДАМ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН сәттен бастап әрбір күні өзгеріске толы. Кезекті айлар, жылдар өткен сайын жасына жас қосылып жатады.
Өткен күніңді ешқашан қайтара алмайсың. Яғни нәресте күніңнен соғылған сағаттар, қосылған күндер қарттық шағыңа, өмірден өтер сәтіңе қарай жақындата түседі. Адам өмір сүрген соң жастың әрбір кезеңін бастан өткереді. Жас қосқан сайын есейіп, ер жетеді.
Әр жас мөлшерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Егер сіз «алпыстан ассаңыз, жиырмадағы жігіттей қайратты бола алмайтыныңыз» бесенеден белгілі.
- Он бес деген жасым - ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым - ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыз деген жасым - ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасым - ай,
Қырымға да көз салған.
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елу деген жасым - ай.
Қайтып бір көшкен ел екен.
Алпыс деген жасыңыз.
Күзгі соққан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз,
Қап - қараңғы түн екен.
Сексен деген жасыңыз,
Қазулы тұрған өр екен.
Тоқсан деген жасыңда,
Өлімнен басқа жоқ екен...
- деп белгілі ақын Шал Құлекейұлы XVIII ғасырда - ақ жас мөлшеріне сипаттама беріп кеткен екен.
... Атамыз қазақ өмірді мүшел жасқа бөліп санаған. Мәселен, адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жастар. Осы мүшелдердің әрқайсысы тағы бірнеше шаққа бөлініп атанған. Мысалы, балалық мүшелге кіретін шақтар: нәресте шақ – 2 жасқа дейін, сәби шақ – 7 жасқа дейін, бөбек шақ – 8 - 9 жастың арасы, жеткіншек шақ – 10 - 12 жастың арасы, ересек шақ – 15 - 16 жастағылар.
Ал жігіттік мүшелдің ішінде бозбалалық шақ, албырт шақ, ағалық шақ, кісілік шақ деп аталатын төрт шақ болады.
Ал 49 бен 61 - дің арасы ел ағасы болған шақ дейді. Сондай - ақ, отағасы, қосағасы, ата сақалы аузына біткен шақ деп тағы бірнеше кезеңге бөледі.
Жалпы, адам өмірін жүзге шамалап, оны БІР ДӘУІР деп атаған. Жүзді төртке бөліп, алғашқы 25 жылын ДӘУРЕН деп, өмірінің екінші кезеңдегі 25 жылын АҒАЛЫҚ ЖАС десе, 50 - ден 75 жасқа дейінгі аралықты АТАЛЫҚ ЖАС деп атаған.

Аға, іні – туысқан - О. Әубәкіров Аға, іні – туысқан - О. Әубәкіров
Аға деген, Іні деген – Бір - біріне туысқан. Аға деген, Іні деген Жаралғандай құрыштан.
Күз - Жұбан Молдағалиев Күз - Жұбан Молдағалиев
Күндері бар қызуы әбден сөнбеген, Гүлдері бар қызылы әлі сембеген. Күз де менің елу жасым сияқты, Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген.
40 жасқа тілек 40 жасқа тілек
40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер 40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа, Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған
Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған, Тай мініп, жабағыны ойнақтатқан. Келген соң одан әрі – 15 жас бар, Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
Жан сөзі Жан сөзі
Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шеті, Сылық - сылық күлген сиқырлы толқын беті. Осы өмірге кіргелі көп күн болды, Енді бір ай - толады жиырма жеті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×