ойын сауық отауы
Сынық қанат шағалам
11.05.2016 1 425 0 Дауыл

Сынық қанат шағалам

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Теңіздің тіліп айдынын,
Кемелер кетіп барады,
Желкенді менің қайығым,
Жалт беріп бірде қалады.
Қайығым - менің уайымым,
Барады тастап жағаны,
Кемелер - алып киттейін,
Опырды, бәрін жапырды.
Шағалам, менің титтейім,
Қанатын суға матырды.
Қанатын суға матырып,
Қайтадан көкке атылды,
Бар күшін жиып ақырғы.
He таптың сол бір арадан,
Қарасаң етті шамаңа.
Сынық та қанат шағалам,
Отырсаң етті жағада.
Айрылып ерік, шамадан,
Ілгері, кейін бара алмай,
Қалды да қойды шағалам,
Теңізге тіккен жалаудай.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Арал қасіреті Арал қасіреті
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға, Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда? Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген, Шағала көктемнің
Сен үшін Сен үшін
Біреулермен жалғастырып жең ұшын, Жасап жүрсем жаным сүймес келісім, Барлығы да Поэзия, сен үшін Сырласым - ау, Сырымды ұқсын кім менің, Кімге керек
Сағатым қайда, сағатым Сағатым қайда, сағатым
Қалған ба тағы таң атып?! Жайған ба жасыл қанатын?! ... Таусылмас менің тағатым Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Жүрек неге зат болып жаралмаған?! Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
Қарғам менің! Қарғам менің! Аласарып барады арман - көгім. Жалған десе, дүние жалған ба едің?! Жараланған көңілім дал - дал менің.
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×