ойын сауық отауы
Таза бұлақ - Міржақып Дулатұлы
13.10.2018 2 211 0 Дауыл

Таза бұлақ - Міржақып Дулатұлы

Өлеңдер
Таза бұлақ - Міржақып Дулатұлы

Бар екен таудан аққан таза бұлақ,
Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.
Жағалай біткен ағаш жапырақты,
Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап.
Шілденің тас қыздырған ыстық күні,
Мөп - мөлдір суы салқын, әйбат түрі.
Шыныдай жалтыраған тазалығы
Көрініп айнадай боп жатқан түбі.
Жиһангез үш жолаушы келе жатқан,
Шөлдеген ыстық күнде таңдай қатқан.
Кез болып бақытына әлде қалай,
Су ішіп мейірі қанған сол бұлақтан.
Рахат сусын қанып, жан жайланып,
Қарап тұр аққан суға қайран қалып.
Көреді суағардан жазулы тас,
Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.
Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай:
Жапанда жазуы бар неткен тақтай?!
Жазылған оқып көрсе, сөзі мынау:
«Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!»
Саудагер екен бірі үшеуінің,
Тыңдаңыз сондағы айтқан сөзі мұның:
«Япыр - ай! Бұл жазылған ақыл екен,
Өткізбей ағар бұлақ күні - түні.
Алысқа бармақшы ол тынбай ағып,
Қосылмас өзге бұлақ бұған нағып?
Зорайып ақырында өзен болып,
Суынан пайдаланар тамам халық.
Менімше, мұнан мұрат, мағына сол,
Кәсіп қыл, жалқауланбай, талапты бол.
Бұлақтай мақсұдына сен де жетіп,
Басыңа тигізерсің пайданды мол».
Екінші ғалым екен аса зерек,
Ол айтты басын шайқап, назданып бек:
«Бұл сөздің мағынасы сіз айтқаннан,
Менімше, болса керек тереңірек.
Бұл сөзден - ғибрат сол адамзатқа,
Тегін кыл жақсылықты, пұлға сатпа.
Бұлақтай кез келгенге даяр болып,
Міндетсіз біліміңді тарат халыққа».
Жас жігіт жолаушының үшіншісі,
Әдемі көрер көзге көркем кісі.
Тоқталып еш нәрсе айтпай тұрып еді,
«Не ойлайсың, сөйле, мырза!» - деді өзгесі.
Бұл жігіт берді жауап сонда тұрып:
«Орнында ақпай бұлақ тұрса тұнып.
Шөп - шалам, шаң - топырақ, іселеу басып,
Сарқылып қалар еді әлі - ақ құрып.
Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,
Жазудан мағынам сол менің ұққан.
Көңліңді бойыңменен таза сақта,
Пәклікпен артыларсың сонда жұрттан.
Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын,
Секілді мөлдір бұлақ суы салқын.
Болғандай дертке шипа жаны сүйіп,
Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың».

Шәкірт - Міржақып Дулатов Шәкірт - Міржақып Дулатов
Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде, Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде. Жалғыз - ақ тырыс шәкірт кітап ұстап, Есінеп ояу отыр пәтер үйде.
Ана Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Өзен Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған.
Орнымыз медресе оқып жатқан Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. «Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса, Аңсағанға қандай ем, сусын тапса?! Алыста жаяу қойшы көрініпті, Мөлдір бұлақ су іздеп келе жатса.
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×