ойын сауық отауы
Жиі енеді
08.05.2016 1 968 0 Дауыл

Жиі енеді

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл
Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Ойнамай жағасында құрақпенен,
Жалығып әзер аққан бұлақ көрем
Мал өрістен қайтканда кешке қарай,
Жамыраған қозы мен лақ көрем.
Қырық түтін шығады қырық тамнан,
Қырық торғай ұшады шыбық, талдан
Қырық әже күзетіп отырады,
Қырық ұлдың орынын суып қалған.
Қыр басына қырық шал жиналады
Бір - біріне тартуы сый қабағы
Бір - біріне отырар басу айтып,
Қайтесің,- деп тәңірдің қимағанын
Тауларым да тұрады қалқан болып,
Соны көріп қалады арқам кеңіп
Өлі ұйқыдан осылай оянамын,
Оянамын, көңілім талқан болып.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сүндетке отырған балаға бата Сүндетке отырған балаға бата
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап, Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап. Қырық парыздың біреуі осы дейді, Исламда атқарар міндетке арнап.
40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер 40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа, Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Жүрегім менің қырық жамау Жүрегім менің қырық жамау
Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден. Қайтып аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден.
Түсіме тау кіреді... Түсіме тау кіреді...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді, Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді. Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен, Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сахараның шұбырған түйелері Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі.
Бетховен Бетховен
Сәнімен емес, Әнімен оған қымбатты, Қырық мың ғалам, Қырық мың түрлі үн қатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×