ойын сауық отауы
Аяныш - Ілияс Жансүгіров
13.10.2018 1 271 0 Дауыл

Аяныш - Ілияс Жансүгіров

Өлеңдер
Аяныш - Ілияс Жансүгіров

Өлең қурап, жер кеуіп,
Су суалып, көл кеміп,
Сай - саладан шөп кетті.
Ағайын арзан, ел салқын,
Қатын қайқаң, ер салқын,
Кеңесті тастап көп кетті.
Телі - тентек көбейіп,
Құлдың арты шөмейіп,
Арамның оғы дөп кетті.
Сулы жерді көгерген,
Келгін алды өлермен,
Қазақ бақты көкпекті.
Бұйда тағып басына,
Мойнына мініп асыла,
Иіп жерге шоқ депті.
Алатұяғын аңына,
Керек қылған қамына
Кімдер арын төкпепті?
Аспандағы айдан нұр алып,
Бермеске қоймай сұранып,
Өнерлі халық көктепті.
Өзіне - өзі ой салмай,
Елшілерге бой салмай,
Қайттың болмас көкбетті.
Көктен түскен шегіртке,
Қыңыр келіп үмітке
Ел егінін жеп кетті.
Жаздай жатып жайланып,
Күзге таман оянып,
Қазақ кімге өкпе етті?!
Ілияс Жансүгіров өмірбаяны, өлеңдері

Заман – Ілияс Жансүгіров Заман – Ілияс Жансүгіров
Зар, зар, зар, зар заман, Зарлатып өткен о заман. О заман кетсін өзімен, Күлдірген бізді бұ заман.
Бөбек бөлеу  (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров Бөбек бөлеу (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров
Бол - бол бөбек, бол бөбек, Бөлейін бері кел, бөбек. Бедерлі бесік, төрт есік, Төгілте салдым тор төсек.
Қазақ қазынасы - Ілияс Жансүгіров Қазақ қазынасы - Ілияс Жансүгіров
Қазақта қазына мол қазылмаған, Қағазға қасиеті жазылмаған. Қарусыз қазынасын қазған бар ма? Құр қолмен, құр даурықпен бажылдаған.
Май Май
Апрель кетіп, май жетсе, Табиғатқа жан кірер. Мұз бұзылып, қар кетіп, Қара жерге әр кірер.
Ғұрыптар Ғұрыптар
Шапса балта өтер ме Табиғи таудың тасына. Дауасыз ғұрып кетер ме, Басыңа сіңген жасында.
Оқу Оқу
Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу. Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу. «Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу... Жаратқанның
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×