ойын сауық отауы
Заман – Ілияс Жансүгіров
13.10.2018 1 631 0 Дауыл

Заман – Ілияс Жансүгіров

Өлеңдер
Заман – Ілияс Жансүгіров

Зар, зар, зар, зар заман,
Зарлатып өткен о заман.
О заман кетсін өзімен,
Күлдірген бізді бұ заман.
Заманымда зырлаймын,
Жыламаймын, жырлаймын.
Ұмтылып өрге басып оң,
Аулым, елім көшкен соң,
Күлмес пе, көңіл өспес пе,
Ауылың болса көші - қон.
Көш жөнекей күлемін,
Күлетін күнің, күл, елім!
Көңілім көл, қабағым,
Айындай ашық талабым.
Талпынса көкке үмітім,
Ұмтылады өрге жаңа ағын.
Ағыннан айқай туады
Көпіре,. көңіл жуады.
Арынды, арналы, өзекті ой,
Тербетер тіл, сыр барда.
Оны сақтау қиын ғой,
Бұл заманда, бұл таңда:
Тетігі терең, тілі орам,
Төгілмеген ой арам.
Жаңадан жаңбыр жаудырар,
Жай отындай жүйрік жан.
Қозғалар, тасыр, быж қайнар,
Қорғасындай ауыр қан.
Сорғалар жауын жеріне,
Толғанар жан еліне.
Жарасам, жұртым, кірпішпін,
Сен үйіне қалаған.
Керегеңе келіссем,
Сағанағың бола алам.
Салдырар көшсе сағанақ,
Жаңғырар жас жұрт жаңалап.
Ілияс Жансүгіров өмірбаяны, өлеңдері

Толғау - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938) Толғау - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938)
Қозғауы қозған қоғамым, Қолқалап әңгіме айт десең, Қобалжимын, қозғалам, Қозғайын десем далаңды, Домбыраң емес, қаламды, Қобалжимын, қолға алам.
Қазақ қазынасы - Ілияс Жансүгіров Қазақ қазынасы - Ілияс Жансүгіров
Қазақта қазына мол қазылмаған, Қағазға қасиеті жазылмаған. Қарусыз қазынасын қазған бар ма? Құр қолмен, құр даурықпен бажылдаған.
Құлагер поэмасы. Толғану. Ілияс Жансүгіров өлеңдері. Құлагер поэмасы. Толғану. Ілияс Жансүгіров
Құлагер поэмасы. Толғану. Ілияс Жансүгіров өлеңдері. Тасқында, тау суындай, көңіл жыры, Қазақтың сусындасын ойы — қыры. Бұрқырат бұлағыңды кең
Жаңылғаным Жаңылғаным
Жалғанды «жазықты» деп жамандадым, Ол жазықтан өзімді амандадым. Ойладым да отырдым ел табуға, Заманнан жақсы досты таба алмадым.
Жыбырлақ Жыбырлақ
Көңілім қорқақ, Тілім шорқақ, Мінсіз емес бозбала! Өнерім аз,
Қосылыс Қосылыс
Қосылды міне екі жас, амандасты, Қара көз, қас қағылып, хабарды ашты. Майысып балдырғандай қыз толысып, Жігітке берді ләззат таб алмасты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×