Әй, күйгелек досым-ай
Өлеңдер
Әй, күйгелек досым - ай!
(ФБдағы бір досыма жұбату)
Әй, күйгелек досым - ай,
Көңіліңнің босын - ай.
Сүйретіліп өмірде,
Жеткен жерің осы ма - ай?!
Білем,
Жаның кектенді,
Созылмасын көпке енді.
Өткен қалсын өткенде,
Ұмыт реніш - өкпеңді.
Ренжи беріп өмірге,
Дерт қондырдың көңілге.
Өмір - шайқас алаңы,
Берілме де, жеңілме.
Көрген күнім осы,- деп,
Көңіліңнің қошы жоқ.
Біл: Дүние жарытпас,
Адамзаттың досы боп.
Бақтың білмей бағасын,
Кімге кінə тағасың?
Жараланса жас жаның,
Әлі - ақ емдеп жазасың!
Бұл өмірге жылап кеп,
Жан берерсің бір - ақ рет.
Сабырға кел, бауырым,
Бәрі - бәрі сынақ тек.
Дүниесі бар болсын,
Көз жасыңа зар болсын.
Бір - ақ тілек:
Өзіңе,
Аллам өзі жар болсын!
Санжар Ғұлама
(ФБдағы бір досыма жұбату)
Әй, күйгелек досым - ай,
Көңіліңнің босын - ай.
Сүйретіліп өмірде,
Жеткен жерің осы ма - ай?!
Білем,
Жаның кектенді,
Созылмасын көпке енді.
Өткен қалсын өткенде,
Ұмыт реніш - өкпеңді.
Ренжи беріп өмірге,
Дерт қондырдың көңілге.
Өмір - шайқас алаңы,
Берілме де, жеңілме.
Көрген күнім осы,- деп,
Көңіліңнің қошы жоқ.
Біл: Дүние жарытпас,
Адамзаттың досы боп.
Бақтың білмей бағасын,
Кімге кінə тағасың?
Жараланса жас жаның,
Әлі - ақ емдеп жазасың!
Бұл өмірге жылап кеп,
Жан берерсің бір - ақ рет.
Сабырға кел, бауырым,
Бәрі - бәрі сынақ тек.
Дүниесі бар болсын,
Көз жасыңа зар болсын.
Бір - ақ тілек:
Өзіңе,
Аллам өзі жар болсын!
Санжар Ғұлама
Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?!
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?!Ел қатарлы болса дағы тұрмысың, Аман - есен болса дағы ұл - қызың. Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?
Біздің кеңесіміз
Күнде – күнде сабақтан, Кешігеді бір досым. Көріп мұны сағаттан Түзелмей - ақ жүр досым.
Достық өлкесінің заңы
Алдымызда қанша сауал тосылды, Өмір бізді ерте үйірді биіне. Сәби кезім. Бірге ойнайтын досымды Ертіп бардым нағашымның үйіне.