ойын сауық отауы
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
03.03.2016 2 292 0 Дауыл

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа?

Сендерден кім сұрады
«Кекеуге қайсың шешен?» деп,
Елің аңсап тұрады
Көз, құлағым екен деп.
Етегіме жабысты
Айрылмастай бекем деп.
Ойлап ат пен намысты,
Мұратқа сізбен жетем деп.
Сүйткен сорлы халқыңа
Бұл қылығың таза - ақ па?

«Жылы - жылы сөз айтса,
Жылан інінен шығады.
Қатты сөзбен бет қайтса,
Надан дінінен шығады».
Осыны айтқан есті би,
Есіл сөзін кім ұқты?!
Елеуремей есің жи,
Ерегістен не шықты?!
Қайрылып қара артыңа
Мұныңа жұрт разы - ақ па?

Назаланбай не айтады,
Сендер бүйтіп тұрған соң.
Партия шықпай қайтеді,
Бетті ызаға бұрған соң.
Бар сүйенген, сенгені
Бұл қылықты қылған соң.
Түзетесің сен нені,
Айыра тартып жұлған соң.
Қайран елім, қазағым,
Енді өмірің аз - ақ па?!

Жылы жүрек, тәтті тіл
Берекені берер, біл.
Ащы сөзді өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл.
Қатесін тап, жұмсақ айт,
Ызаланба, сабыр қыл.
Асқақтамай бері қайт,
Көп жетімді көзіңе іл.
Тартпа ашудың азабын,
Ақ жолыңды адақта.

Кекеп - сөгіп кек алма,
Келелі сөзбен жығып ал.
Берсе, ашуды, тек алма,
Осынымды ұғып ал.
Ызақордың іші тар,
Сен де қар да, мен де қар,
Осы мінез кімде бар,
Оны ұнасаң, тығып ал.
Көп желігіп алған соң,
Жол бұзуға сеп болар.
Біреу ыза болған соң,
Жолдас табар, көп болар.

Газет, журнал тоқтаса,
Зияны көпке, сен емес.
Қайтейін, қойсын ұқпаса,
Деме жалғыз мен емес.
Деп пе еді ешкім сендерге:
Оңашаға шығып ал.
Басың үшін еп қылып,
Елді бөлме, естілер.
Араз болма деп тұрып,
Партия салды десті дер.

Сөгілуші, сөгуші,
Біздің сөзді тыңдаңыз.
Ызалы уды төгуші,
Шатты - бұтты қылмаңыз.
Ұқпағанды сынға сал,
Табалама, таптама.
Оқ атылса, қайтып ал,
Улы найза саптама.
Жаралайсың сен неге,
Жаралы кісі албыт қой.
Сенемісің дүниеге,
Ызаның арты шалғырт қой.
Ашулы албыт адамның
Қанжарын ептеп бұғып ал.

Таң журналына тағы бір әнмен байғазы Таң журналына тағы бір әнмен байғазы
Кейіме, кәрі жан, Өмірің тозғанға, Оянып ұйқыдан, Әнге сал қозғал да. Жаңа тілек, жарық таң атты, міне, Байғазы қада сен мынау жас журналға.
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес, Құдайсыз қу қолынан іс те келмес. Белін бекем буғанның белі талмас, Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән, Жақсы үнді, ұғымды жас керек бұған. Толға, шырқа байқап жас жүрек. Әншілерден сол тілек.
Күн шығады да, батады Күн шығады да, батады
Күн шығады да, батады, Абақтым қара әрі тар. Түнде, күндіз күзетшілер Тереземді бақылар.
Қазағым Қазағым
Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан былай күлкі - ойын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×