ойын сауық отауы
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
06.03.2019 2 147 0 Дауыл

Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман,
Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман,
Түзеліп лауахазда кісі болмас,
Шыққаннан дүниеге болса надан.
Залымның залымдығы жуса кетпес,
Не үшін сол секілді жаратылған.
Жаратылысында, тегінде деген мағынада.
Көңілі бұзықтықта болып һәман.
Қызметін, ондайға еткен зайығ болар,
Мысал көп, неге десең бізге қалған,
Өткен іс әм болашақ хақтан білсең,
Сақтанып дүние қамын ойлап жүрсең,
Жауыздан қайыры жоқ жырағырақ,
Бойыңды кейін сап тұр, түрін көрсең.
Мысалы бір қасқыр мен бір тырнадан,
Қарар еді ғибрат алса бүкіл адам,
Істеген жауыздығы жалғыз бұл ма,
Қиянаты толып жатыр бұдан жаман.
Міндеті әрбір істің құдіретте,
Алласыз іс болады деп жүрме текке,
Ашығып көптен бері келе жатып,
Жолыққан қомағай қасқыр өлімтікке,
Салды аузын өлімтікке қауып - қауып,
Михнатсыз ет болған соң алған тауып,
Ашығып жүрген шіркін жұлып жатыр,
Қайтсын - ау, жайшылықта да тамақсау ит.
- Қатысын жұмсағынан айырмайды,
Бұндай боп күнде азық табылмайды.
Тырнаға сүйекті ал деп айтамын,
Болды деп хәлім жаман өлетұғын.
Жәрдем ет не қылса да дегендей қып,
Жалынып аузын ашып көрсетіп жөн.
Ымына түсінді де тырна сонда
Аузына басын тыға мойынсұнды.
Михнатпен әрі - бері жұлқып - жұлқып,
Сүйегін жұлып алды әрең зорға. —
Әй, Қақа сүйегіңді алдым міне,
Қалыпсың аз - ақ өлмей батыр мүлде.
Қайтсе де қызметіме бірдеме бер,
Мақтанып мендағы бір кетейін де.
Тырнаға сонда қасқыр ашуланды,
Ақырып — жөнін, тап,— деп айғай салды,
Басыңды жемегенге құлшылық ет,
Мойныңды аузыма сен тыққан халде.
Аузымнан кім құтылған аман - есен
Емес пе бұл жақсылық, шіркін, білсең,
Қақаңды кім деп өзің хақ сұрайсың,
Кет көзіме бұдан бұлай көрінбестен.

Өтірікші - Спандияр Көбеев Өтірікші - Спандияр Көбеев
Бұл кезде атқа мінген жігіттердің, Білмеймін шаһар халқын қырдағы елдің, Жанымен пар өтірік бір қыссасы Кім біледі қашан барып түзелерін.
Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар, Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар, Өлтіріп бір аюды жалаң жерде Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев
Жауызға шамаң келсе етпе рақым, Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын, Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес, Артынан жамандығы тұрар жақын.
Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев
Арамдап әй, ақмақ, аузың, малып. Сөзіңе құлақ қоймас болса жаман, Жақындап бері келші маған таман, Суымды әдейі келген бүлдіргенде, Не қылсам болады
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Қасқыр мен тырна Қасқыр мен тырна
Бір Қасқыр сапар шекті елден жырақ, Неше күн таппай азық, қалды жарап. Жемтіктің жақын жерде иісін сезіп, Қасекең келе жатыр соған қарап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×