Түлкі менен жүзім жемісі - Спандияр Көбеев
Өлеңдер
ТҮЛКІ МЕНЕН ЖҮЗІМ ЖЕМІСІ - Спандияр Көбеев
Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.
Ертеден кезіп батыр қамшылаған,
Көз келіп қуанады тиер тағам,
Жүзімнің тәттілігі балдан зияды
Ыстықта шыпшып дәні тамшылаған.
Міндеті ырзықтың жалғыз хақта,
Алласыз іс болмайды ешуақытта,
Тарығып барып тіпті көрген жоқ еді,
Көзінен көргеннен соң жасы ақты.
Керек қой дүниеде ақыл, айла,
Кей жерде амалдан да тиер пайда,
Биік ағаш басында жемісі бар,
Жейін деп ұмтылғанмен ала алмайды.
Жүзімді ала алмайды биіктегі,
Әртүрлі секіріп айла, не етпеді?
Қай жағынан қалай барып не қылса да,
Болмады не амал бар еш реті,
Жете алмай ыза болып жатыр түлкі,
Айласымен барша жанды еткен күлкі,
— Жегенмен бұл жүзімді пайдасы жоқ,
Тұрса дағы салбырап,— дейді,— шикі.
Асығыс көп ойламай жазған хатым,
Көтеріп ермек үшін көңіл шатын,
Біреудің сап алтынын қолындағы,
Жамандап надандар көп мыс қылатын.
Асылдың жамандаумен заты кетпес,
Көңілден сондай сөздің, даты кетпес,
Кейбіреу ғайбат сөзді өнер көріп,
Күнәні жинап алар құдай кешпес.
Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.
Ертеден кезіп батыр қамшылаған,
Көз келіп қуанады тиер тағам,
Жүзімнің тәттілігі балдан зияды
Ыстықта шыпшып дәні тамшылаған.
Міндеті ырзықтың жалғыз хақта,
Алласыз іс болмайды ешуақытта,
Тарығып барып тіпті көрген жоқ еді,
Көзінен көргеннен соң жасы ақты.
Керек қой дүниеде ақыл, айла,
Кей жерде амалдан да тиер пайда,
Биік ағаш басында жемісі бар,
Жейін деп ұмтылғанмен ала алмайды.
Жүзімді ала алмайды биіктегі,
Әртүрлі секіріп айла, не етпеді?
Қай жағынан қалай барып не қылса да,
Болмады не амал бар еш реті,
Жете алмай ыза болып жатыр түлкі,
Айласымен барша жанды еткен күлкі,
— Жегенмен бұл жүзімді пайдасы жоқ,
Тұрса дағы салбырап,— дейді,— шикі.
Асығыс көп ойламай жазған хатым,
Көтеріп ермек үшін көңіл шатын,
Біреудің сап алтынын қолындағы,
Жамандап надандар көп мыс қылатын.
Асылдың жамандаумен заты кетпес,
Көңілден сондай сөздің, даты кетпес,
Кейбіреу ғайбат сөзді өнер көріп,
Күнәні жинап алар құдай кешпес.
Түлкі менен жүзім жемісі Спандияр Көбеев Спандияр Көбеевтің шығармалары спандияр көбеев аудармалары спандияр көбеев өмірбаяны мысал өлеңдер өлеңдер Спандия Көбеев аудармалары жамандау
Ақымақ теке. Спандияр Көбеев (мысал әңгімелар)
Бір теке шөлдеп, таңертең бұлаққа түсіп су ішті дағы қайтадан шыға алмай бақыра бастады. Оның даусын естіп түлкі келіп айтты: егерде сенің иегіндегі
Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев
Арамдап әй, ақмақ, аузың, малып. Сөзіңе құлақ қоймас болса жаман, Жақындап бері келші маған таман, Суымды әдейі келген бүлдіргенде, Не қылсам болады
Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев
Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл, Бәрін де беретұғын жалғыз алла.
Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.