ойын сауық отауы
Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев
01.03.2019 3 464 0 Дауыл

Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
АРЫСТАН МЕН ТЫШҚАН - Спандияр Көбеев
Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан
Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан
Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда,
Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.
Арыстан ашуланып түре келді,
Үстінде тышқан екен оны көрді,
Ұстап ап, «жейін бе!» деп ақырғанда
Қысылып тышқан байғұс төкті терді.
— Ей, тышқан, не кемшілік еткен ісін?
Мен кіммін, ойлашы өзің, білемісің?
Қорлығың сүйегіме кетті батып,
Қанша обал осы арада сені жесем?
Арыстанға кім кемшілік еткен бұлай?
Күллі аңға патша қылып қойды құдай,
Ей, шіркін, нендей зиян көріп едің,
Басатын аяғыңмен мені мұндай
Арыстан сөйтіп жеуге даярланды,
Қорыққаннан тышқан дағы есін танды.
Бір қате, кешіре гөр, рақым ет деп,
Арыстанға бірер ауыз жауап салды.
Жалынып тұрды арыстанға «жан сауғалап»
Үмітпен кешірер деп етіп талап.
Мен дағы бір жақсылық етермін деп,
Көзінен жасын төгіп тұрды жылап.
Жігіттер, құлағың сал бұған енді,
Тыңдайтын біразырақ кеңес келді,
Осыдан не жақсылық дегендей қып,
Мұртынан күліп арыстан қоя берді.
Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай,
Жаратты ырзық беріп бізді құдай,
Арыстан демін алып болғаннан соң,
Түре кеп тағы кетті аңын аулай,
Аң аулап қалың орман, жүрді кезіп,
Қаперсіз әр нәрсеге көзін сүзіп,
Байқамай бір арада боп кіріптар,
Аңға құрған торына қалды ілініп.
Күш қылып тордан батыр шыға алмады
Оралып бұлқынса да қинап жанды,
Өкіріп жерді тырнап ыза болып,
Мақұлықтың маңындағы зәресін алды.
Естіп даусын ердің, не болды деп,
Тышқан да көршілеріне хабар салды.
Жинап ап серіктерін қара қылып,
Арыстанға тұтқындағы келіп қалды.
Жабылып бәрі бірдей сол арада
Тісімен қиып торды жапырлады,
Әп - сәтте босатып ап арыстанды,
Манағы айтқан тышқан сөз қатады.
— Бір ісім түсті мына менің сізге.
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қып.
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей сізге ғибрат болсын бұ да,
Жаратты жанға ие қып бізді құдай.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз,
Жақсылық болатынын тышқаннан да.
Оқиық бұл сөзіңнің ғибратын,
Емессің аса жүйрік, болмаса ақын,
Құрбылар бас қосқанда анда - санда
Кетуші ең көтеріп - ақ көңіл шатын.
Нашарды күшті кісі көңіліне ілмес,
Теңгеріп өз бойына бірге жүрмес,
Ақырында арыстанға ұқсап қалар,
Әшейін соның үшін еттік кеңес.
Екінші бұған жақын қазақта бай,
Жүрмейді кедейлерін мазақтамай,
Сол кедей тағы өзінің қолғанаты,
Қайтейін, аһ дүние, қазақты - ай,
Малы көп, надан кісі болса әкім,
Жуытпас жамандарды қадам жақын,
Сол жаман тағы өзіне керек болар
Білемін осылай деп ғибратын.

Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев
Қолыңнан келмес іске етпе талап, Шықпассың оныменен іске жарап, Мысалды ғибраттар толып жатыр, Түсініп пайдаланса халық бірақ.
Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев
Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл, Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл, Кейінгі балалардың пайдасы үшін, Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл, Құр
Жыл санау Жыл санау
Жылдармен таныс: Тышқан, Сиыр, Барыс. Әрі қарай бұдан: Қоян, Ұлу, Жылан.
Кім қорқақ, Кім айбатты Кім қорқақ, Кім айбатты
Шығып алып інінен, Ұйқы бермес түнімен, Тышқан түнде жортады, Ол мысықтан қорқады.
Қорқақ Қорқақ
«Тышқан», - деп ек, елеңдеп: «Қазір қайтып келем», - деп, Төкен тұра жөнелді, Жұрт күлкіге кенелді.
Арыстан, киік һәм түлкі Арыстан, киік һәм түлкі
Бар еді бір зеңгір тау асқан биік, Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп. Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан Сол таудың арасынан қуды Киік.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×