ойын сауық отауы
Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев
06.03.2019 1 526 0 Дауыл

Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ШОРТАН МЕНЕН МЫСЫҚ - Спандияр Көбеев
Қолыңнан келмес іске етпе талап,
Шықпассың оныменен іске жарап,
Мысалды ғибраттар толып жатыр,
Түсініп пайдаланса халық бірақ.
Кенеттен ешбір жөнсіз келгенінше,
Көп артық жөні - жайын алған сұрап.
Әр пенде хал қадары жүрген артық,
Қол созбай жоқ нәрсеге тұрған жырақ,
Қайтсе де надан кісі ғалым болмас,
Бұлбұлға тең болар ма қарға сайрап,
Кеңесін шортан мысық еттім бәйіт,
Пайдасы ғибрат үшін көңіліме ұнап.
Өзенді қысы - жазы жайлап шортан
Қасқырдай сайран қылып түнде жортқан,
Балықты ұсақ - түйек жаудай қырды.
Кем болмай ұмтылғанда атқан оқтан.
Батырдың мастықпенен көңілі тасып,
Ойлады ауламаққа қырдан пысқан.
Жалынып кез келген соң қылды өтініш
Бірге ертіп алып шық деп бір мысықтан.
Мысық айтты: — судай көрме жердің бәрін,
Аулауға біздей тышқан келмес әлің,
Ұстайтын қуып жүріп шабақ емес,
Сұраймын тілімді алсаң қой деп, жаным.
Бір ісің істемеген бала жастан
Білмейсің сұрасаң да оның жөнін,
Жұртқа күлкі болудың пайдасы жоқ,
Тіліне кім сенеді бұл пенденің.
Абзалы «іс иесінен қорқар» деген
Білетін істен қалсаң не арманың?
Шортан айтты:— жоқ нәрсеге құлақ қойман,
Сол болсын, мені ертіп бар, тиген пайдаң
Тышқанды ала алмасам маған ұят,
Барған соң керек емес ақыл - айлаң.
Жалынып тұрғаннан соң болшы, жүр деп,
Қайтейін апармасаң өзің біл деп,
Шортанды тышқаны көп бір қораға,
Енгізді келсе шамаң аулай бер деп.
Тышқанға бір жағынан тойып мысық
Жібермей көрінгенін көзге түсіп,
Сонан соң халын біле келіп еді,
Өлуге жатыр екен шортан күшік.
Осындай тыңдасаңыз кеңесім бар,
Түспе деп бұндай халге етемін зар,
Қораны мекен етіп толып жатқан
Құйрығын жеп қойыпты көртышқандар.
Шортанды жатқан бұлай көріп өзі,
Жұмылып халы кетіп екі көзі
Қайтадан азаптанып суға әкеліп,
Мысықтың насихат қып айтқан сөзі.
— Мінекей, Шортан осы саған ақыл,
Әр іске ойланып кір, болма ғафыл.
Шықпассың ендігәрі тышқан аулай,
Бар енді жайыңменен деді батыр.
Білмеймін қай уақытта түзелерін,
Адамдар бұған ұқсас толып жатыр.

Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев Аққу, шортан әм шаян - Спандияр Көбеев
Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз, Көп малдың, керегі не болса бақсыз, Таудайын талаптан да бақыт артық Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев
Бірі іреп, бірі сойып жиылған көп, Дал ҚЫЛДЫ басын сордың әр неме деп. Мың, түрлі сол арада ақыл берді, Шынында бір тиындық пайдасы жоқ.
Маймыл менен көзілдірік - Спандияр Көбеев Маймыл менен көзілдірік - Спандияр Көбеев
Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей, Ғасыға тек жүрмеңіз ғақыл бермей, Бір маймыл қартайғанда қор болыпты, Байғұстың бұрынғыдай көзі кермей.
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман, Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман, Түзеліп лауахазда кісі болмас, Шыққаннан дүниеге болса надан.
Аққу, шортан һәм шаян Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін - дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×