ойын сауық отауы
Көкшетау - Сәкен Сейфуллин
06.04.2019 32 666 1 Дауыл

Көкшетау - Сәкен Сейфуллин

Өлеңдер
Көкшетау - Сәкен Сейфуллин
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен - сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған, -
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз - ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң - дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Сары алтын Көкшетаудың ерте - кеші,
Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.
Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызындап таудан соққан жел айтады.
Сырласып сыбырласқан жапырақтар,
Күндіз - түн күңіренген көл айтады.
Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып - таңырқанып бала айтады.
Тау - тасты тұнжыраған куә қылып,
От басы қатын - қалаш - бәрі айтады.
Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің қартта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.

Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры
Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры, Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры. Тәніне құлпырған ақ перде жапқан Сұлудай тау менен тас жердің түрі.
Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин
Кербезісің маңызданған, сұлу терек! Орандың желбіреген жасыл желек. Тұрасың ырғатылып такаббарсың, Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Бурабай - Сәкен Сейфуллин Бурабай - Сәкен Сейфуллин
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс, Көргенде шаршаған жан алар тыныс. Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай, Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Сәкен Сейфуллин - Көкшетау дастаны Сәкен Сейфуллин - Көкшетау дастаны
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан - жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен - сауын.
Көкшетау. Қасым Аманжолов өлеңі Көкшетау. Қасым Аманжолов өлеңі
Жаннаты жер мен көктің сұлу Көкше, Ризамын бар ғұмырым Көкшеде өтсе. Табиғат, таңғаламын тамашаңа, Қандай күш жаратты екен сені ерекше.
Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Есен
#1 Есен Қонақ 26 қаңтар 2021 18:20
Жақсы саған сексен оленынын атауы керек еды
×