ойын сауық отауы
Халық тағылымынан - Мұзафар Әлімбаев
01.04.2019 2 880 0 Дауыл

Халық тағылымынан - Мұзафар Әлімбаев

Өлеңдер
Мұзафар Әлімбаев "Ана тілінен тағзым" кітабы
Халық тағылымынан


Тұзды баспа,
Шоқты шашпа.
***
Күлкі болма елге:
Езуіңді керме.
***
Ақыл - есің бүтінде:
Кісіге қарап түкірме.
***
Ұлттық салттан бұлжыма:
Жұма күні кір жума.
***
Сақ болғайсың ойыныңа:
Белбеу салма мойыныңа.
***
Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.
***
Әрқашан әдептен жаңылма:
Киімді желбегей жамылма.
***
Шаршадым десең де,
Тоқымды төсенбе.
***
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
***
Ырза болсын «Әдепті!» - деп саған да ел:
Танымасаң да, үлкендерге сәлем бер.
***
Сүйсінсін жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды:
Ешқашан үлкен кісіге
Отырма беріп сыртыңды.
***
Адамдарды санама,
Түнде айнаға қарама.
***
Үйде де, қайда да
Пышақпен ойнама.
***
Босағада тұрма,
Көк шөпті жұлма.
***
Жиі - жиі жуын,
Баспа кір суын.
***
Малды теппе,
Ақты төкпе.
***
Дәйім есте сақта:
Таңдайыңды қақпа.
***
Ешқашан ойбайлама,
Оңбайды ондай бала.
***
Жаман әдетті таста.
Бас киімді баспа.
***
Абайсызда
Түсіп кетер бірдеңе,
Судың бетін
Ашық қойма түнде де.
***
Шақырғанда
Кешікпей кел асқа,
Ақыл барда
Нанды аяққа баспа.
***
Ұқсай көрме сумиға,
Бір қолыңмен су құйма.
***
Ұқсап надан балаға,
Пышақты нанға қадама.
***
Қыс па, әлде жаз ба,
Жерді орынсыз қазба.
***
Ақылға кел, ақылға:
Суды бекер сапырма.
***
Ақыл - есің бүтінде
Құдыққа еш түкірме.
***
Әдепсіз атанып бекерге,
Бесікті бір қолмен көтерме.
***
Әдептің жастан үйрен дұрысына,
Отырма дастарханның бұрышына.
***
Біреу - міреу жазым болар, ойла:
Пышақты шалқасынан қойма.
***
Ақылға аялда:
Жағыңды таянба.
***
Жетеді ғой ақылың,
Жақсылық тілеуге.
Аман жүрсін жақының,
Таяққа сүйенбе!
***
Ұқсама тентек балаға:
Пышақтың жүзін жалама.
***
Ойнасаң, ойлап ойна,
Қолыңды төбеңе қойма.
***
Азан мейлі, тал түс
мейлі, іңірде,
Үйге қарай жүгірме.
***
Әдеп сақта да,
Оттан аттама.
***
Бекер қасарма:
Түнде шаш алма.
***
Жөн - жобаны білер текті,
Мазақтама мүгедекті.
***
Болмасын мейлі асхана,
Шашты шашып тастама.
***
Әрқашанда әдепті болуды ойла,
Ер тоқымыңды төңкеріп қойма.
***
«Өзім қумын!» - деме:
Кісі ақысын жеме.
***
Ұдайы ұста есте:
Үлкеннің алдын кеспе.
***
Саумын десең,
Келтек, шоқпар жинама,
Жақыныңа
мылтық, пышақ сыйлама.
***
Бос сөз деп күлме.
Бос ерге мінбе.
***
Әдептімін десең, өмірде
Дастарқан басында керілме.
***
Шыққанда далаға,
Жұлдызды санама.
***
Төпелеп ұра берсең, мал шыдар ма:
Үйренбе жыңғылмен ат қамшылауға.

Қазақтың тиым сөздері Қазақтың тиым сөздері
Жайдақ атқа мінбе. Жайдақ ерге мінбе. Жақсының жасын сұрама. Жақсыны әжуалама.
О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев
Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?
Қазақтың тыйым сөздері Қазақтың тыйым сөздері
Ұятсыздан аулақ жүр.
Тыйым сөздер Тыйым сөздер
Тыйым - тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.
Баспа, мұнар! Баспа, мұнар!
Арылмасын аппақ нұр бастарынан, Шашпа ызғар, Күнімді баспа, мұнар! Кетпе, шуақ, Мына елдің аспанынан.
Қазақтың ырым - тыйымдары Қазақтың ырым - тыйымдары
Ұнасын, ұнамасын, Бұзба құстың ұясын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×