ойын сауық отауы
Баспа, мұнар!
06.05.2016 1 265 0 Дауыл

Баспа, мұнар!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,
Мына елдің аспанынан.
Мейрамы майдан болған қарттары бар,
Мейрамға жаңа келген жастары бар,
Шашпа, ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Аймалап Алатаудың шырқау басын,
Түтінсіз тұнық ақша бұлтты аунасын.
Майданға емес, мейрамға жаратылған,
Қаным сіңген Туыма су тамбасын!
Тыныштықтың түтінсіз бұлты аунасын.
Адамзат тарихында дара түрған,
Октябрь,
От пен оқтан жаратылған.
Октябрь - оқ пен оттың қанатынан,
Шуағын тыныштықтың сыйлы туған,
Шашпа ызғар, күнімді баспа, мұнар!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жақсылық туралы жыр Жақсылық туралы жыр
Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама, шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға, ызғар сіңген жеріме шуақ керек, мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Қыс келген күні Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар - асқар таулардай,
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Мен таулықпын! Мен таулықпын!
Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін емін ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан
Мен - Октябрь Мен - Октябрь
Тоқтатып болмас, толқыннан туған алыппын, Жасқанбай болмас, жаралған Күннен жарықпын. Айырып болмас, достықтан туған халықтың Еңсесі биік, ерлікпен
Жездіде Жездіде
Жезқазған. Жездінің бұл қатпарынан, Еліме иен ырыс ақтарылған. Осында жүр жастары, қарттары да, Қанышынан үйреніп, хат таныған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×