ойын сауық отауы
Жетімге - Сәкен Сейфуллин
07.05.2019 1 910 0 Дауыл

Жетімге - Сәкен Сейфуллин

Өлеңдер
Жетімге - Сәкен Сейфуллин
Жастай жетім қалдың жалғыз,
Қоясың қайда басыңды?
Туғаныңнан айрылып,
Ағыздың көзден жасыңды.

Таяныш жоқ, медеуің –
Сиын хақтың өзіңе,
Ата-анадан айрылған соң,
Жан көрінбес көзіңе.

Жетім деп аяп жаны ашып,
Көзінің қырын кім салар?
Жас төгіп сен отырсың,
Ойнап жүр өзге балалар.

Шешелері олардың
Еркелетіп сүйгенде,
Шеттен қарап жылайсың,
Жүрегің от боп күйгенде.

«Мені де сондай сүйсе деп
Әке-шешем тірі болып», -
Мөлдіреп ағар жасың көздер,
Қайғы-қасірет ішке толып.

Балалар оқуға барғанда
Қолдарына кітап ап,
Бүрісіп сорлы сен жүрсің,
Оқи алмай жетім қап.

Сені де оқуға берер еді,
Әке-шешең тірі болса.
Дәл осындай болмас па едің,
Тым болмаса бірі болса.

Сен де оқу оқыр едің,
Балалармен бірге барып.
Босағасында әркімнің
Жүрмес едің жүдеп-арып.

Ата-анаңның сен дағы
Әлпештеген баласы ең.
Ата-ананың көзінің
Ағы менен қарасы ең.

Есіркеп сапар маңдайдан
Мұсылман жоқ қайрылған,
Жәрдемші жоқ ғаріпке
Туғанынан айрылған...

Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры
Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры, Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры. Тәніне құлпырған ақ перде жапқан Сұлудай тау менен тас жердің түрі.
Балалар - біздің болашақ. Қасым Аманжолов Балалар - біздің болашақ. Қасым Аманжолов
Балалар - біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашак тамаша - ақ! Болашаққа иеміз.
Төле би Әлібекұлы Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең Азанды бол, балам! Халыққа жағайын десең, Қазанды бол, балам!
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Қайырымды түлкі Қайырымды түлкі
Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп - ақ жалғыз жанды). Басында бір ағаштың үш баласы Шырылдап ұясында жетім қалды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×