ойын сауық отауы
Қазақ елі монументі - Шөмішбай Сариев
12.05.2019 1 331 0 Дауыл

Қазақ елі монументі - Шөмішбай Сариев

Өлеңдер
Шөмішбай Сариев
Қазақ елі монументі

Абылайхан: “Бұл қай ел?” – деп сұрар еді,
Таңғалып Қабанбайлар тұрар еді,
Тіріліп Абай келсе Астанаға,
Ақын ғой, қуаныштан жылар еді!

Әлі де талай ғасыр бел асады,
Ұлылық тұлғасымен жарасады,
Көңілі көктен асып тұрар еді,
Есілден өзін көріп Кенесары.

Есілдің ерке толқын толы ағысы,
Қырандар Сарыарқаны орап ұшып,
Тіріліп келсе Үш би Астанаға,
Бір - бірін құттықтар ед қол алысып.

Әулие аналарым жасын тыйып,
Еңсесі иілместей ғасыр биік.
Тұрар еді ең алғашқы Қазақ бабам,
Ақорданың алдында басын да иіп.

Басылып Сарыарқада арман шөлі,
Болғасын дәл осындай самғар Елі,
Ажалдан қашқан дәдем –
Қорқыт бабам,
Ғұмырын Астанаға арнар еді.

Исі Қазақ мұсылман тірегі еді,
Түркі тектес елдердің жүрегі еді,
Тірілсе, жолаушылап Астанама,
Арыстанбаб әулием түнер еді.

Мәнісін дүниенің білер еді,
Көңілі көк аспанды тірер еді,
Ғасырлар бәйтерегі – Қожа Ахмет,
Бақытын Астананың тілер еді.

Өмірін талай ерлер қиған еді,
Елім деп қазынасын жиған еді,
Әл - Фараби бабамыз трактатын,
Арнайы Астанама сыйлар еді.

Тірілсе, жүрегі оның шалқар еді,
Бір жүкті Астанама артар еді,
Құдіретті бабамыз Құрманғазы
Құдіретті бір күйін тартар еді!

Қайғыртқан замананың ызғары еді,
Тәуелсіз жүрегінде сыз бар еді,
Тіріліп келсе өмірге Махамбет те
Астананы басқаша жырлар еді!

Астанама ауды ғой назары елдің,
О, өмір! Неткен сұлу ғажап едің!
Ақындық өз жүрегім, өз көзіммен,
Осылай көрдім алғаш “Қазақ елін”.

Тәуелсіз қанатымды жайып келем,
Күн санап рухани байып келем,
Өзі Бас архитектор Астанаға,
Болғасын,
Ескерткіші лайық дер ем.

Күттік қой Тәуелсіздік күнді асыға,
Жетеді қайраткерлік бір басына,
Осынша еңбектенсе Астанам деп,
Бола ма айналмасқа тұлғасына!

Бас исек ертеңді ойлап парасатқа,
Бәрі де бір бойына жарасат та,
Президент,
Тұңғыш біздің Елбасымыз,
Биіктер монументі Болашақта!..

Ана хаттары - Шөмішбай Сариев Ана хаттары - Шөмішбай Сариев
Қарамай арманы мол екеніне: «Бір көрінбей бұл, сірә, өтеді ме?» – Деп, ана, Хат жолдайсың сағынышпен!
Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Туған елдің түтіні де тәтті ғой, Тоңа ма деп таңы талай атты ғой. Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы, Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының
Астанаға ақпан келді, Әлеміме сен келдің.
Астанаға Астанаға
Астана боп атандың, Атыңа сай бол ендеше. Көркіңді көрген жаhанның Айызы қансын сен десе.
Өзімді таныстыру Өзімді таныстыру
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным. Даламды жұпыны деп қарамағын: Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб - киелі жатыр мұнда бабаларым - әрқайсы алтын
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×