
Кешір
Өлеңдер
Кешір!
Кешір, Өмір,
жасай алсаң кешірім,
Тисе саған түйірдей бір кесірім.
Жақсылардың есігінен бір теуіп,
Жамандардың қағып барсам есігін!
Кешір, Достық,
кейде жаным бос қалды,
Көлеңкеммен бірге шырқап ескі əнді...
Қанатыма сыйдырмадым қайтейін,
Сағатыма санап берген достарды.
Кешір, Сезім,
Сезім болды сезбедім,
Жұртта жоғын іздеп жүрген кезбемін.
Шын ұнатқан бір періштем бар еді,
Оның өзі құшағында өзгенің.
Кешір, Алла,
Болып өссем мен дара,
Жүрегімде бітпес қайғы, шер, нала.
Кешірмесе кешірмесін басқалар,
Мейірімді, кешірімді сен ғана!!
Торғайлық ақын - Саят ƏБЕНОВ.
Кешір, Өмір,
жасай алсаң кешірім,
Тисе саған түйірдей бір кесірім.
Жақсылардың есігінен бір теуіп,
Жамандардың қағып барсам есігін!
Кешір, Достық,
кейде жаным бос қалды,
Көлеңкеммен бірге шырқап ескі əнді...
Қанатыма сыйдырмадым қайтейін,
Сағатыма санап берген достарды.
Кешір, Сезім,
Сезім болды сезбедім,
Жұртта жоғын іздеп жүрген кезбемін.
Шын ұнатқан бір періштем бар еді,
Оның өзі құшағында өзгенің.
Кешір, Алла,
Болып өссем мен дара,
Жүрегімде бітпес қайғы, шер, нала.
Кешірмесе кешірмесін басқалар,
Мейірімді, кешірімді сен ғана!!
Торғайлық ақын - Саят ƏБЕНОВ.

Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.

Тағдырыңның жапқаныңша есігін, Өкпелеуден тұрмау керек шешімің. Айналаңа өту үшін тік қарап, Бұл өмірде керек екен кешірім.

Кешір Алла, алдыңда күнәһармын. Сен болмасаң жанымды, жұбатар кім? Маңдайыма жазшы Аллам өтінемін. Қу басымды сәждеге құлатар күн.

Кейде өз жартыңызды ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрау қажет. Осындай кезде төмендегі әндерді тыңдасаңыз пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өзіңізге

Туған халқым! Қатемді кешір менің? Сенің арқаң сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың, несін мені