Ауру
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп,
Алмаңдаршы мазаны.
«Тірліктен өлім жақсы!»- деп,
Сұраймын өзім қазаны.
Дене ауырса, дұрыс-ақ,
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жан ауырса, ойлап бақ,
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ.
He себептен, Тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға - жоқ?!
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп,
Алмаңдаршы мазаны.
«Тірліктен өлім жақсы!»- деп,
Сұраймын өзім қазаны.
Дене ауырса, дұрыс-ақ,
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жан ауырса, ойлап бақ,
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ.
He себептен, Тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға - жоқ?!
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық.
Бұтақ
Айтшы, бұтақ, қай жаққа, Жолың болсын, жүзесің? Толқыннан таудай қорықпастан, Теңізді түпсіз кезесің!
Өлең
Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?»- демейтін
Тілегім
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып, Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе, Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп, Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.