ойын сауық отауы
Қалайсыз мама?
15.09.2019 3 675 0 Дауыл

Қалайсыз мама?

Өлеңдер
Қалайсыз мама?
Қалайсыз мама...
Сіз жақта бəрі жақсы ма..
Қыс жетіп, аппақ ақ ұлпа қар басты ма?!
Періште сынды мейірбан едің тірлікте,
Қуанып жұмақ...
Қақпасын сізге ашты ма..?!
Қалайсыз мама...
Мінезге бай ең сымбатты...
Ажалдың оғы жалмады ма, тым қатты..?
Жұмада жерге жамбасың тиген еді ғой
Сұраусыз кіріп...
Араладың ба гүл бақты?
Ата - анаңа, жарыңа сүйген кезігіп
Пейішке кіріп...
Жайлылық жанға енді ме,
Гүл теріп əкем, күлімдеп таяу келді ме?!
Анаңыз өрген, жотаңда жатқан бұрымға,
Жұмақтың гүлін ақырын тағып берді ме?!
Білем ғой мама...
Алаңдап жүрсің қарайлап,
Өзіңмен бірге алыстап кеткен талай бақ.
Жаулығың желмен желбіреп өзің жүрмесең,
Сұрықсыз суық көрінеді екен... сарай жақ!
Сағыныш деген...
Қажытты мама, тек мені...
Бақшаңа биыл ешкім де жеміс екпеді
Сақырлап қайнап тұрса да сары самаурын,
Қолыңнан ішкен күрең шайыңа жетпеді...
Өзіңсіз мынау...
Шарпығандай ма ғаламды от,
Жүрердей көргем,
Қасымда дəйім, аман боп.
Шөңгеге емес, шеңгелге құлап жатсам да
"Құлыншағым"деп, ұмтылып келер ешкім жоқ!
Солай ғой мама...
Үйіңнің кетті күйі шын,
Өзіңді іздеп шарқ ұрам кейде үй ішін.
Орамалыңды құшақтап жатып ұйықтаймын,
Жұмақтан жетіп жатқандай ғажап иісің.
Сағыныш, аңсау...
Санамда сансыз арбасты,
Күндерге - айлар, айларға - жылдар жалғасты.
Ізіңді іздеп, бақшаны кезіп жүруші ем,
Əттең - ай əттең...
Оны да мынау қар басты..!
Есімің есте
Сағыныш қанша жырда жүр,
Қарайлап тұрсаң,
Қам көңілімді тыңда бір.
Омырауыңа басымды қойып соңғы рет,
Шерімді айтып...
Жылағым келіп тұр қазір..!
Осылай мама...
Өткізген сізсіз жəйіміз,
Қалпыма түсем...
Қайрылмай маған қайтыңыз.
Жұмақта жүрсең, жердегі мен де мəзбін ғой,
Айтпақшы мама...
Əкеме сəлем айтыңыз!!!

Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Жанна. Қасым Аманжолов өлеңі Жанна. Қасым Аманжолов өлеңі
Артқа тастап алтыны, Жанна жетті жетіге. Жазды бастап «А», «Б»- ны, Бірді қосып екіге. Нажағайдай жалт беріп, Жарқылдайды жанары.
Байғұс бала - Мұхтар Жақсылық Байғұс бала - Мұхтар Жақсылық
Көлеңкелеп отыр едім көк талды, Бір кішкентай маған қарай оқталды. Рұқсат сұрап жайғасты да жаныма, Аға, сенде МАМА бар ма?., деп қалды.
Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз
Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.... Бүгінгі адам, ертең топырақ....
Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев Тай үйрету. Тұманбай Молдағалиев
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп, Әкеп берді, мінсін бала біздің деп. Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға, Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
Қызының анасына құттықтау тілегі Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн, Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн. Шын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×