ойын сауық отауы
Күйеуіне əйелінің айтары
24.11.2019 2 582 0 Admin

Күйеуіне əйелінің айтары

Өлеңдер
Ағаларым, інілерім Алла қосқан əйелдеріңізді жақсы көріңіздер, шынайы сүйіңіздер!!!
Күйеуіне əйелінің айтары:
Сен емес пе кезінде сүйіп мені,
Жақсы көріп, аялап өтем деген.
Жылатпаймын қалдырып жалғыз сені,
Бəрінен де бақытты етем деп ең.
Қиындықты екеулеп жеңеміз деп,
Қуанышты, шаттықты бөлеміз тек,
Тастамаймын қасымнан бір сəтке де,
Екеу болып бəріне көнеміз кеп.
Сəби сүйіп еркелеп өсіреміз,
Қателессек ойланбай кешіреміз,
Бəрі жақсы болады уайымдама,
Ойланамыз деп едің несіне біз?
Үйлендік, сəби сүйдік, келін болдым,
Өзіңе қызмет жасап ұшып қондым.
Арамыз бірте бірте салқындады,
Жүрегің баяғыдай алқынбады.
Балада үйде қалды жалғыз маған,
Бақытты мен ақ болдым армандаған,
Келесің - кетесің үнсіз - түнсіз,
Баяғы махаббат жоқ жалындаған.
Көңіліңді бір сəтке бөлмейсің де,
Қасыңда отырсам да көрмейсің де,
Бар ойың жұмыс пенен көше болды,
Мына менде не болды білмейсің де.
Баяғыдай жадырап жүре алмаймын,
Рахаттанып қасыңда күле алмаймын,
Уақытылы үйіңде болмаған соң,
Дидарыңды тойып та көре алмаймын.
Сұрамайсың білмейсің жағдайымды,
Айтқызбайсың дұрыстап мəн жайымды,
Ауырсам да білдірмей жүргенім хақ,
Ауру ғой деп өтетін əрдəйімгі.
Не істесем деп отырам жағынамын,
Сен келерде боянып тағынамын.
Білмейсің ғой зарығып күтерімді,
Қасымда отырсаң да сағынамын.
Баяғыда ару едім, қатын болдым
«Жаның» емес жай ғана жақын болдым,
Кезінде алтыным деп еркелетсең,
Ал қазір керек емес затың болдым.
Мүмкін сен қызығасын өзгелерге,
Ойландың ба азғана өзгерерде.
Үйдегі періштені ұмытпашы,
Көшедегі сұлуға сөз берерде.
Олар сені мендейін сүймейді де,
Ертеңіңді ойланып күймейді де
Қастарында мəңгілік қалғызбайды,
Ауырғанда аузыңа су тамызбайды.
Жүрегіңде білемін орын барын,
Сүйесің ғой сен əлі, мойындағын.
Қыз кезімде көп уəде беріп едің,
Енді жаным сол сертті орындағын.
Мен сені əр қашанда кешіремін,
Бар жаманды жадымнан өшіремін
Мен сені Жоғалтуды қаламаймын,
Болмысыңды барымен бағалаймын.
Сен əлі жақсы жаққа өзгересің,
Мен боламын тек сенің көздегенің.
Сен мені өмір бойы аяласаң
Мен сені бақытты етем сөз беремін!...

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Ғашығым Ғашығым
Көп жұмбақтар жатыр мөлдір көзіңде, Мас болдым ғой саған деген сезімге. Сені ойлайтын болдым жаным тынбастан, Оңашада жалғыз қалған кезімде.
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Онегиннің өлердегі сөзі Онегиннің өлердегі сөзі
Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп.
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған, Баяғы бала мінез, бала тұлғам. Дәл осылай он алты жасымда мен, Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×