ойын сауық отауы
Балалық шағы
02.06.2016 3 361 0 Дауыл

Балалық шағы

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Балалық шағы -
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Білімсіз - есек,
Опасыз десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма, қарағым,
Даяр болсын жарағың!
Білген жан - көсем!
Сөйлесе - шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені - өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі - ем,
Мейірімі көп, етек - кең!
Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
«Пәлі!» деп қарсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса - сыйымды,
Білімі - мал, бұйым-ды!

Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин
Көшкен елдей, Соққан желдей, Жастық шағы өтер тез.
Би, шешен туралы мақал - мәтелдер Би, шешен туралы мақал - мәтелдер
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.
Орнымыз медресе оқып жатқан Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. «Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Бай мен кедей Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың.
Шалдың үміті Шалдың үміті
- Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты, Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты, Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп, Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.
Өнер - білім қайтсе табылар Өнер - білім қайтсе табылар
Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Ерініп шаршамастай, белін буса, ЬІртың - жыртың, жоқ - барға көңіл бермей, Періште боп анадан қайта туса!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×