ойын сауық отауы
Өнер - білім қайтсе табылар
01.05.2016 2 525 0 Дауыл

Өнер - білім қайтсе табылар

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Ер жігіт өнер табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай, белін буса,
ЬІртың - жыртың, жоқ - барға көңіл бермей,
Періште боп анадан қайта туса!
Жақын туған, бауыр деп айналмаса,
Қатын - сатын дегенге байланбаса,
Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш,
Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса.
Дүниенің қайғысынан зарланбаса,
Көз қысып күлгеніне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөліп
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.
Өсектен ат - тонымен алыс қашса,
Естісе, ұялғаннан бетін басса,
Жамандық - аты өшкірге жақын жүрмей,
Аяғын күндік жерден байқап баса.
Өзінен басқа жанды кем көрмесе,
Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе,
Табылмас аузына су тамызушы,
Өзінің тар етігін кең көрмесе!
Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе,
Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе.
Естіген сөз, көргенді бос тастамай,
Құлақ тігіп, көз салып, жиып - терсе.
Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын
Ұжмақта хорлар тіккен қос деп білсе.
Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе,
Өнер - білім - қарны ашқа ас деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін бас деп білсе.
Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,
Басқаға мойын бұрса, көз салмаса -
Өнер - білім жер астында болса - дағы,
Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.

Ағама Ағама
Ақ көңіл ағам, дархан бір мынау өмірде, Көп еді - ау, еңбегің еткен ерінбей. Кетер ме екен, қазақтың қара ұлына, Саулығыңды да сарт етіп, еңбегің
Тарысы бар аймақтың Тарысы бар аймақтың
Даттайды екен бір кінәңді ел білсе, Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз. Қызғанышы ізгілігін сөндірсе – Нақ сол адам бақытсыз.
Қойшының әләуләйі Қойшының әләуләйі
Әләуләй, әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Күз Күз
Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған, Көкорай түсі қашып солып тұрған. Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне, Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Маймыл Маймыл
Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен, Қашаннан кәсібі еді егін еккен. Асырап қатын - бала еңбегімен, Кісі еді күшін жегіп ауқат еткен.
Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға
Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес Қарадан хакім болған сендей жанды Дүние қолын жайып енді күтпес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×