ойын сауық отауы
Бұлбұл
02.06.2016 4 976 0 Дауыл

Бұлбұл

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып,
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Денені суытасың, ысытасың,
Тұрасың маужыратып кейде жылытып.
Құясың тәтті дауыс тамылжытып,
Тұрады жан-жануар дәмін жұтып.
У-шу жоқ, қарқ-шиқ еткен қарға, торғай
Ұялып әлдеқайда кеткен жытып.
Ұста сөз, мұңды даусың басты байлар,
Тоқтаған шабуынан құлын-тайлар.
Даусыңнан елжіремес нәрсе бар ма,
Жас төгер бойы балқып терең сайлар.
Бұлбұл құс! Кезімде жас, кеудемде от,
Болып, мен саған келдім, ішімде шоқ.
Дертіме сенен ғана дәрмен болар,
Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ.
Бұл жерден ұшып кетші сәулем жаққа,
Барып қон нәзік қана бір бұтаққа.
Сөйле оған ашындырып менің жайым,
Көңілін елжіретпей қанат қақпа!
Жүз құбылт дауысыңды, өрте өзегін,
Өртенсін, қызыл жалын қыл төсегін.
Ойын ал, бойын балқыт, сүйдір мені,
Қалсын ол ойлай алмай өз есебін.
Тез, бұлбұл, мұңды дауыс, сиқыр тілдім,
Дәрменді қалың дертке сенен білдім.
Қылмасаң бір мейірім, сорлы пендең,
Қайғыдан, қолым жетпей, міне, өлдім!

Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ, Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Өмір Өмір
Өмір деген кейде шаттық, кейде мұң, Сан сұрақтар мазалайды кейде мың Тек сынақтан тұратындай көрінеді, Қатал болып кетеді де кейде тым
Мен саған мұңды айтайын… Мен саған мұңды айтайын…
Сен тыңда… Үндеместен… Баурап алып, сейіліп кеткен түсім, Бөтен едік, бөлектеу еткен ісім. Бейтаныс ек… Екі әлем. Екі ғұмыр… Мені өзіңе байлаған
Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×