
Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев
Өлеңдер
Өлеңдер.
БҰЛБҰЛFA - Сәбит Дөнентаев
Зарланып, көрмей дамыл не ай, не жыл,
Сондағы бар мұрадың бір қызыл гүл,
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ,
Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!
Дабыл жеп ақырында қаршығадан,
Бұл күнде болып сақау қырқылған тіл.
БҰЛБҰЛFA - Сәбит Дөнентаев
Зарланып, көрмей дамыл не ай, не жыл,
Сондағы бар мұрадың бір қызыл гүл,
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ,
Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!
Дабыл жеп ақырында қаршығадан,
Бұл күнде болып сақау қырқылған тіл.

Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп, Ойы бар көпірменен дария кешпек, Көрінді су бетінде бұған бір ит, Бұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.

Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.

Тіл көңілдің тілмәші, Көңілдің жоқ сырласы, Тілмәшіңді оң жұмсап, Теріске, көңілім, бұрмашы:

Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.

Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген, Сол төрттің үшеуі су, бірі - ақ, құрғақ, Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.

Жабысайық өнерге, Ынтықпай қарап өлерге, Өзіміз керек демесек, Керек қи бізді келер ме!