ойын сауық отауы
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
01.03.2019 2 115 0 Дауыл

Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ЕСЕК ПЕН САНДУҒАШ - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек,
Аузынан сөзі шығып кесек - кесек,
— Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім,
Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Бұл кезде жұрт сөзіне сенім бар ма,
Сыпыртып айтқанының бәрі өсек.
Аямай біліміңді паш айлашы,
Тыңдайын мейірім қанып болса несіп,
Сандуғаш сол арада әнге басты,
Жаңғыртып кетті даусы күллі ағашты,
Білімін құдай берген аясын ба,
Мың түрлі құйқылжытып лебіз ашты.
Даусын кейде көтеріп, кейде созып,
Тыңдатуға ләззатты үнін шашты.
Құс біткен сайрап жатқан ормандағы,
Бәрі де құлақ салып құп тыңдасты.
Аң біткен маңындағы тұра қалып,
Елтісіп тұрды әніне құлақ салып.
Аузынан сорғалатып сілекейін,
Есек те тыңдап тұрды ғажаптанып!
Сол кезде соғып тұрған жел де тынып,
Ешбір жан бүлк етпеді тамаша ғып,
Бұлбұлың, қызған сайын басып жатыр,
Сырнайдың дауысындай үні шығып.
Бір ашып батыр бұлбұл әнге салды,
Елтітіп маңындағы күллі жанды,
Бір кісі қойда жүрген баласымең
Мас болып, олардағы ұйықтап қалды.
Наданға еткен қызмет кетер текке,
Жақсылығың болса сақтап ондайға етпе.
Соқтырып әрлі - берлі сандуғашым,
Тоқтады ұнады ғой деп өсекке.
Көтеріп ақымақ есек жерден басын:
— Жарайды, ұнайды,— дейді,— сандуғашым,
Жалықпай тыңдауға да болады екен
Азырақ кемдігі бар, неғыласын!
Жоқ па еді әтешпенен таныстығын?
Кем қылып сайрамаушы ед, о да сенен.
Болмайды жамандауға сені дағы,
Дауысың болсадағы мысқал төмен.
Айтамын достығымды құлақ салсаң,
Кешікпей бұдан шығып әтеш барсаң,
Бұдан да артығырақ соғар едің,
Егер де сол құстан бір ғибрат алсаң
Осылай есек тұрды жынын құсып,
Білімі жетіп мақтауы сол, надан күшік,
Бұл итті құдай енді кез қылма деп,
Сандуғаш көтеріліп кетті ұшып.

Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы, Жарамас әзілге де сөздің босы. Ертеде бір кісінің болған екен Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев
Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда, Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Сандуғаш Сандуғаш
Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме – шақырды мені мәңгі Күн еліне. Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс ұясын салды ма екен жүрегіме?
Есек пен бұлбұл Есек пен бұлбұл
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы Сонырқап шатқа кетті қай - қайдағы. Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып, Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×