ойын сауық отауы
Әлсіз адам, әлсіз әлем,
26.07.2020 2 917 0 Admin

Әлсіз адам, әлсіз әлем,

Өлеңдер
Әлсіз адам, әлсіз әлем,
Жыбырлаған жансыз әрең.
Көзге жылтыр көрінгенмен,
Иісі жоқ, дәмсіз әлем.

Ауасы бар, демсіз әлем,
Ауруы бар, емсіз әлем.
Тура жолдан тайқып кетіп,
Жол таппаған жөнсіз әлем.

Дәрігер көп, дәрісі жоқ,
Дәрістер көп, мәнісі жоқ.
Құзырлының құлағы жоқ,
Үзірлінің дауысы жоқ.

Келуден көп кері қайту,
Тек жылату не мұңайту.
Күні - түні көргеніміз,
Көрісу мен көңіл айту.

Қартаймай - ақ қара жабар,
Жаман індет, жаңа залал.
Меймандарсыз мейрамдармен
Жамағатсыз жаназалар.

Ей, өмір - ай өтірік, құр,
Өңің неге өкіріп тұр?!
Дала түгел жөтеліп тұр,
Қара жерің кекіріп тұр.

Ғылым қайда? Ғалым қайда?
Алпауыттар әлің қайда?
Ғарыш асқан білім қайда?
Бірі емге табылмай ма?

“Бәрі ісі бір Иенің”
- деп басымды шын иемін.
Ол кеудесін қағып алды - ау
Бұл тәкаппар дүниенің...
Кешірші Алла! Айыптыңбыз!

Сынағыңа лайық құлмыз.
Түк келмейтін қолымызды
Саған ғана жайып тұрмыз.
Зиян қылды, зұлым көрші,

Мүміндерге тұғыр берші.
Алғаныңа жәннат сыйлап,
Қалғанына ғұмыр берші.
Кешрші, бізді!
Қ. Абзалов

Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Өз жүрегіңнің үні Өз жүрегіңнің үні
Өсіп келе жатқан гүлге су қандай қажет болса, адамға да шынайы көңіл сондай қажет. Сол кішкетай ғана көңілмен мына дүние, сонау әлем ғажап боп
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Алмас Кішкенбаев - Ғажап әлем Алмас Кішкенбаев - Ғажап әлем
Алмас Кишкенбаев - Ғажап әлем өлеңіне жаңа бейнебаян
Сен қайда жүрсің Сен қайда жүрсің
Сен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып? Мен сені іздеп жүрмін
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×