ойын сауық отауы
Елемедің...
08.08.2020 1 319 0 Admin

Елемедің...

Өлеңдер
ЕЛЕМЕДІҢ...

Ары өттім қасыңнан,
ЕЛЕМЕДІҢ!
Бері өттім қасыңнан,
ЕЛЕМЕДІҢ!
Сен дегенде бұлқынған асау аттай,
Көңілімді сезбейсің неге менің?!

ЕЛЕМЕДІҢ,
Қайтейін, ЕЛЕМЕДІҢ!
Сен дегенде сезімі терең едім.
"Сүйемін", деп жүрегім АЙҒАЙЛАЙДЫ,
Естімейтін не деген керең едің!

Жүріп өтсең ұзын жол - көкірегім,
Көкірегін жол еткен КӨПІР едім.
Аяғыңның астында жатқан затты,
Түк көрмейтін не деген соқыр едің?!

Мінгеніңде көлікке - шопыр едім,
Менен ұзап кетпеші өтінерім.
Ал, көшемнен сен кеше өткеніңде,
Жол үстінде тіленіп отыр едім.

Әй, көрмейсің,
Сен бірақ көрмейсің - ау!
Өлем десем,
Бүлк етпей: "Өл, дейсің - ау"!
Қайта - қайта түртпектеп,
Түн ауғанда,
Түсімде де тыныштық бермейсің - ау!

Болмасам да сен күткен Төлегенің,
Мұз жаныңды жылытар ӨЛЕҢ едім.
Өлең едім,
Қайтейін, ЕЛЕМЕДІҢ!
Жылуыңа жанымды бөлемедің.

Қара бастың бүгінде мұңы басым,
Сезімімді сен қашан ұғынасың?
Маған да бір бұйырар күн бар ма екен,
Көңіліңнің төгетін шұғыласын?!

Санжар Ғұлама

Сүйдіремін, деп жүріп... Сүйдіремін, деп жүріп...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын, Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын. Мың құбыла беретін машақаты мың дастан, Махаббаттың бітпейтін
Иығыңа сүйеп едім басымды... Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Иығыңа сүйеп едім басымды... Танакөз
Иығыңа сүйеп едім басымды, Бүлік сезім бұрқ етті де басылды... Тулаптай - ақ қояйықшы жүректі, Шулатпай - ақ қояйықшы ғасырды!
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Ғабаңа Ғабаңа
Ғабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Махаббат диологы Махаббат диологы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. - Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×