Жалғыз келдім бұл өмірге...
Өлеңдер
ЖАЛҒЫЗ КЕЛДІМ БҰЛ ӨМІРГЕ...
Жалғыз келдім бұл өмірге,
Жалғыз кетем,
Өкпем жоқ!
Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп.
Өмірімді бір жан үшін ойран қып,
Көңілімді түсірмеймін тектен-тек.
Жатағалып жолдарыңда,
Жалынады, дедің бе?
Сенсіз дағы өмір сүргем тегінде.
Өмірімнен сен кеткенмен,
Біліп жүр!
Көңілімнің күн сөнбейді көгінде.
Қабылдадым,
Қабылдадым,
Бәрін-бәрін ойын деп,
Шарпыса да бойымды от.
Мен кетті,- деп қайғырмасаң
Менің де
Сен кетті,- деп аза тұтар жайым жоқ.
Сезімсіз де сайран құрып,
Өзіңсіз де күн кешкем,
Үмітім бар күдігіме мінгескен.
Өз жұбымды мен де бір күн табармын,
Жүрек үні жүрегіммен үндескен.
Санжар Ғұлама
Жалғыз келдім бұл өмірге,
Жалғыз кетем,
Өкпем жоқ!
Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп.
Өмірімді бір жан үшін ойран қып,
Көңілімді түсірмеймін тектен-тек.
Жатағалып жолдарыңда,
Жалынады, дедің бе?
Сенсіз дағы өмір сүргем тегінде.
Өмірімнен сен кеткенмен,
Біліп жүр!
Көңілімнің күн сөнбейді көгінде.
Қабылдадым,
Қабылдадым,
Бәрін-бәрін ойын деп,
Шарпыса да бойымды от.
Мен кетті,- деп қайғырмасаң
Менің де
Сен кетті,- деп аза тұтар жайым жоқ.
Сезімсіз де сайран құрып,
Өзіңсіз де күн кешкем,
Үмітім бар күдігіме мінгескен.
Өз жұбымды мен де бір күн табармын,
Жүрек үні жүрегіммен үндескен.
Санжар Ғұлама
Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет
Бәрін де қойшы...
Бәрін де қойшы... Өмір - ай, деймін, Өмір - ай, деймін кейде мен, Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен. Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,
Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.