ойын сауық отауы
Жазғытұры
02.06.2016 3 932 0 Дауыл

Жазғытұры

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға,
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп,
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Қуанып жан-жануар, алшаң басып,
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда,
Нұрлы күн алтын нұрын шаша бастап,
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.
Түрлі үнмен жаңа келген жылдың құсы
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып.
Ұлы бай жылқы қамап, қыл күзеуге
Белсенген жылқышыға ноқталатып.
Балалар етек түріп, зыр жүгіріп,
Батпаққа бірін бірі домалатып,
Қырдағы жылқышылар ұйқы көрмес,
Қолынан қулық бие құлындатып.
Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,
Жібектей көкорайлар жатқан жайрап,
Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда
Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап,
Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей
Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап,
Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
Уызға жаңа тойған жас құлынды
Шыңғыртып жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан мініп жайдақ .
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутік
Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап.
Жаратқан жанға рахат жазғытұрды
Шүкір қыл бір Аллаға «я, құдайлап».

Жыл басы – қарлығаш - Сәкен Сейфуллин Жыл басы – қарлығаш - Сәкен Сейфуллин
Өліп жатқан жер жүзіне Жаз келген соң жан кірді. Ойда, қырда жап - жасыл боп, Жасарып жер жаңғырды.
Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры Сәкен Сейфуллин - Жазғытұры
Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры, Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры. Тәніне құлпырған ақ перде жапқан Сұлудай тау менен тас жердің түрі.
Жазғытұры Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан - жануар, адамзат анталаса, Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Өмір Өмір
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Шын сорлы Шын сорлы
Күн суық, қатты аяз, шыдар емес, Қар борап соққан желмен қылып егес. Кедейлер үсіп - тоңып, дір қалтырар, Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Күз Күз
Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған, Көкорай түсі қашып солып тұрған. Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне, Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×