ойын сауық отауы
Жалғыздық дей ме...
19.11.2020 4 075 0 Admin

Жалғыздық дей ме...

Өлеңдер
Жалғыздық дей ме...
Жалғыздық дей ме...
Қорқа ма кімдер?
Үрки ме?
Мен болсам тіпті үйреніп қалғам бұл күйге.
Әйтсе де, құрғыр, бұл жалғыздықтың ешқашан,
Төнбесе деймін жағымсыз ешбір бұлты үйге.

Кете бер, Дүние!
Қарама артқа қайрылып,
Елітті мені жаныма жаққан жайлылық.
Үйреніп қалдым жалғыздыққа мен бүтіндей,
Қалмасам деймін ендігі содан айрылып.

Кеш мені, Дүние!
Кеше гөр мені!
Кештім де!
Өзгерте алмас тағдырды мендік ешкім де.
Мүсіркеме де,
Жұбатпай - ақ қой,
Ендігі
Адамша мен де өмір сүрейін бес күнде.

Жеңіл де емес,
Демеймін бұл сын қатты ауыр,
Жалғыздыққа мен үйреніп қаппын тәп - тәуір.
Жанымды ұқпас жандардан қашып жүргенде,
Еріксіз өзім айналдым жанға жатбауыр.

Пірінен безген мен болдым, сірә, сұр бет ер,
Адам жоқ мендік тарқатысатын бірге шер.
Сүйіп қап енді таусылмаймын да мен деген,
Сағынып кімді сарғаймаймын да құр бекер.

Кешіктің, Дүние!
Кеш енді бәрі!
Жұбатпа!
Жалғыздық мені тентіретсе де жыраққа.
Кеткені қашшан етім де соған үйреніп,
Мүсіркеуіңнің түк қажеті жоқ бірақта.
Жалғыздық дей ме...
Жалғыздық менің жолдасым,
Сабылып мынау сенделген талай сор басым.

Әйтседе...
Менің тілегім біреу:
Жалғыздық --
Екі Дүниеде ешкімге жолдас болмасын!

Санжар Ғұлама

Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі Дүниеге жар. Қасым Аманжолов өлеңі
Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен – қазақтың баласы!
Ата туралы мақал - мәтелдер Ата туралы мақал - мәтелдер
Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық.
Жалғыздық Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ.
Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама
Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама. Өзіңді айыптама, жамандама. Жүрегің мен деп соқса, басу үшін бәрін де маған жама.
Басыма менің, бақ, қондың Басыма менің, бақ, қондың
Орынсыз ойнап, күлгенде, Опық жеп талай жүргенде, Басыма менің, Бақ, қондың, Байқаусыз шақта, бірдемде
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×