ойын сауық отауы
Сені сүймеуім керек еді...
05.12.2020 5 733 0 Admin

Сені сүймеуім керек еді...

Өлеңдер
Сені сүймеуім керек еді...

Сені сүймеуім керек еді,
Жаныма ауыр мұң артып.
Не таптым екен,
Өзіңдей,
Қайырсыз жанға құмартып.

Сені сүймеуім керек еді,
Жарға да жығып басымды.
Қарадай қалып көңілім,
Жүрегім бүгін ашынды.

Аһ ұрдым, айнам,
Амал не?!
Еселеп іштім уыңды.
Өзіңдей жаннан жерініп,
Көңілім әбден суынды.

Жалғызың едім,
Бір демде,
Жалмауыз біреу болыпын.
Бағымды іздеп жүргенде,
Сорыма қалай жолықтым?!

Байқадым бүгін,
Өзіңнен,
Қайыр жоқ екен,
Қайыр жоқ.
Күйге де түстім күйгелек,
Өлең де жаздым шайыр боп.

Бес күнде таңдау,
Талғам көп,
Ешкімге сенім қалған жоқ.
Әуелі сүйер,
Артынша,
Сезімі шығар жалған боп.

Көңілден қаяу кетсінші,
Бәрі де жалған,
Өткінші.
Осынау жазған өлеңім,
Өзіңе хат боп жетсінші.

Санжар Ғұлама

Менің "жалғандарым" Менің "жалғандарым"
Мына қу жалған өмірде, Түр - түрі шықты - ау жалғанның. Жылтыры көзді жаулап ап, Шыр - пыры шықты талғамның.
Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың! Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың, Армандайсың біреудің бау - бақшасын. Тілегіңді орындаймын деп күнім, Көбеюде ақ шашым.
Сен ұнатпады екен, деп... Сен ұнатпады екен, деп...
Сен ұнатпады екен, деп Дәрменім құрып жүрген жоқ. Салған жоқ жара жаныма, Алған жоқ, сірә, іргемді от.
Білемін Білемін
Білемін: сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып, дүниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен түсінер жай туралы көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Сүйгенім анық Сүйгенім анық
Көрдім де келдім, Қолымды бердім: «Сүйем сені, сұлу қыз. Жүрегім жанып, Сүюім анық,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×