ойын сауық отауы
Жау жеңді, берік қамады
03.05.2016 1 309 0 Дауыл

Жау жеңді, берік қамады

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

(Әбу Фирастан)
Жау жеңді, берік қамады,
Кісендемін - тұтқынмын!
Тамшылап қаным ағады,
Сарғайтасың етпей, күн!
Еш дыбыс жоқ, қара түн,
Жұлдыздар әлсіз сәулесін
Шашып тұр... естіп талған үн,
Таныдым шешем дауысын.
Көптен енді қан жұтып,
Шақырасың, қарт анам.
Тұтқын боп, қолдан ерік кетіп,
Бара алмай тұр жан балаң!
Сабыр қыл, анам, сарғайма
Дамылсыз зарлап күні - түн.
Қуан, қыл шүкір Құдайға,
Иманым үшін тұтқынмын.

Тұтқын Тұтқын
Абақтыдан құтқарып, Сәулесін күннің көрсетші. Қаракөз жанға қыз салып, Қара жал жүйрік ат берші.
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Жел Жел
«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!»- деп, Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп. Естіледі терезеден темірлі, Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.
Анама хат Анама хат
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Дін үйреткенге Дін үйреткенге
Қармаңбай, қарап жатып бақ күтуге, Ізденбей аласұрып, тақ күтуге, Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп, Әр іске кім үйретті шақ күтуге?
Тілегім Тілегім
Көрмейін рақат, жанайын, Жалын болсын маңайым, Күйейін, азап шегейін. Жансын денем, күш бітсін,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×