ойын сауық отауы
Ақиығы қазақтың - Мұқағали
12.02.2021 1 731 0 Admin

Ақиығы қазақтың - Мұқағали

Өлеңдер

Бұл өмірде шын ақынның бары шын,

Бір туатын Адамзаттың бағы үшін.

Ақиығы қазақтың - Мұқағали,

Қырық бесте ғайып болған арысым.


45 - жас, қаралы болып күрсін,

Сол жастың екеуіне толып тұрсың.

Өлеңдерің әлдилеп жатыр елді,

Жәннәтпенен Хақ сені жолықтырсын!


Бір өлеңің - бір өмір өз алдына,

Көбейді ақын сеңді өнер қозғалды да.

Ақ қағазға үңілсем қалам алып,

Аға, сен елестейсің көз алдыма.


Кезінде білмегеннің сені ақын деп,

Бетіне қарарма едім мен жақын кеп.

Сол сорлы қолаларды көміп тастап,

Есіне алып ел жатыр сені алтын деп.


... Кетпесе ақын атаққа басы айналып,

Әлі өлеңді өзіңдей қашайды анық.

Талай - талай 90 - ды аттап өтіп,

Талай ғасыр жырларың жасайды әлі!


Биғали Шоман


Ауылдастар арасында Ауылдастар арасында
Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып, Абыроймен жүрсін, оны атқарып, Деп ауылдың адамдары Көңілге Келгендерін айтып жатыр ақтарып.
Әбділдаға Әбділдаға
Тұрғанда ұйқы - тұйқы ақ самайым, Мен қалай, Әбе, сені жат санайын. Абыржып асаңды ұстап отырғаның, Ашулы Грозный патшадайын.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Чили - шуағым менің Чили - шуағым менің
Пабло Нерудаға ескерткіш. 1 Барлық ақын - баласы бір ананың. Ақын келсе өмірге, қуанамын, Ақын өтсе өмірден - жылағаным. Барлық ақын - баласы бір
Күрсінбеші Күрсінбеші
Тағдырыма тура келген серігім, Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?! Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың. Басқалардың барлығынан жерідім.
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×