Г. Н. Потанинге
Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов
Атақты Сібір ұлы қарт Потанин,
Ер сүйсе, сендей сүйсін ел Отанын.
"Қазақсың, қалмақсың" деп алалау жоқ,
Отанның тең көресің барша жанын.
Қазаққа Потаниннің аты ардақты,
Иәміштің1 біліп отыр қанша шалын?!
Сексенді сен атқардың жұмыспенен,
Күндерде қарлы жаңбыр жүріспенен.
Өзіңді көзіңе айтып мақтау емес,
Бізсіз де ісің айғақ тұр істеген.
Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе,
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!
Ергенге жолың сара лақпайтын,
Туың зор атып оқпен құлатпайтын.
Сырыңды жыр ғып сөйлеп жеткізуге,
Көп сөзді көршілер тұр ұнатпайтын.
Жаз келер, жадыраған күндер туар,
Жыр жырлап ту түбінде шуақтайтын.
Біз едік қадірі жоқ ұл әкеге,
Көп жатқан мешел болып келекеде.
Әл бітіп, жаңа ғана аяқ басып,
Іліндік біз де жетіп мерекеге.
Тойыңа шашу алып шаттанамыз,
Білдіріп жүрек лебін Грекеңе!!!
Алдыңда алаш тарту ұсынып тұр,
Қорынып сыйы нашар қысылып тұр,
Жағдайсыз шаруаға шарт туғызған,
Алаңды зор "соғыстың" тұсы боп тұр.
"Орамал тонға емес, жолға" деп ал,
Әзіргі ат-шапаны осы боп тұр.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Атақты Сібір ұлы қарт Потанин,
Ер сүйсе, сендей сүйсін ел Отанын.
"Қазақсың, қалмақсың" деп алалау жоқ,
Отанның тең көресің барша жанын.
Қазаққа Потаниннің аты ардақты,
Иәміштің1 біліп отыр қанша шалын?!
Сексенді сен атқардың жұмыспенен,
Күндерде қарлы жаңбыр жүріспенен.
Өзіңді көзіңе айтып мақтау емес,
Бізсіз де ісің айғақ тұр істеген.
Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе,
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!
Ергенге жолың сара лақпайтын,
Туың зор атып оқпен құлатпайтын.
Сырыңды жыр ғып сөйлеп жеткізуге,
Көп сөзді көршілер тұр ұнатпайтын.
Жаз келер, жадыраған күндер туар,
Жыр жырлап ту түбінде шуақтайтын.
Біз едік қадірі жоқ ұл әкеге,
Көп жатқан мешел болып келекеде.
Әл бітіп, жаңа ғана аяқ басып,
Іліндік біз де жетіп мерекеге.
Тойыңа шашу алып шаттанамыз,
Білдіріп жүрек лебін Грекеңе!!!
Алдыңда алаш тарту ұсынып тұр,
Қорынып сыйы нашар қысылып тұр,
Жағдайсыз шаруаға шарт туғызған,
Алаңды зор "соғыстың" тұсы боп тұр.
"Орамал тонға емес, жолға" деп ал,
Әзіргі ат-шапаны осы боп тұр.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Потанинге Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері өлең өлеңдер Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны
Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы.
Қандай басшы
Қазаққа басшымыз дер шляпалар, Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар. Істеген он тиындық еңбегі жоқ, Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Аңсап жүріп, кездестік
Сәкен тойына Өзің бе?.. Өзің ғажапсың! От кешкен алғаш азатсың. Халқыңа келген азатсың.
Қазағымның ардақты келіндері
Ақсақалға ұсынып төрін берді, Алғысына бөленіп көңілдері. Жасы үлкенге жаңылмай сәлем салған - Қазағымның ардақты келіндері. Үлкен үйден іргесі