ойын сауық отауы
Екі бөшке
06.06.2016 4 498 1 Дауыл

Екі бөшке

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат - ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.
Адамдар даусын естіп қорқып - сасып,
Ығысып, алыстан - ақ жолын ашып,
Жүгіріп шапшаңырақ бара жатыр
Көшенің ортасынан шетке қашып.
Құр Бөшке жұртты үркітіп салдырлады,
Көшеде қарамаған жан қалмады.
Бұйымы көп, дыбысы жоқ екіншісін
Ілтипат етіп ешкім аңғармады.
* * *
Жиылып отырған жұрт мұны тындап,
Сөзбайын сөз аяғын көп мылжыңдап.
Билігін өздеріңіз айтыңыздар,
Бөшкенің қайсысының пұлы қымбат?
Құр бөшке салдыры зор, бағасы кем,
Фаһамсыз құр даурыққан адаммен тең.
Алыстан әлдеқандай болса дағы,
Жай - мәнін, жақындасаң, білерсің сен.
Екінші толық Бөшке мысалы сол -
Адамдар көп даурықпас ақылы мол.
Сарп етпей босқа сөзін жұртқа жарлап,
Үндемей жүріп ісін істейді ол.
Байқамас оны ешкім жақындаспай,
Істес боп ой сынасып, ақылдаспай.
Бөшкеде не зат барын кім біледі
Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай?!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Үлес Үлес
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып,
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Жүргіншілер мен иттер Жүргіншілер мен иттер
Кеш мезгіл келе жатты екі кісі, Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан, Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Ат пен есек Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Jeniskul Ramberdiova
#1 Jeniskul Ramberdiova Қонақ 16 қыркүйек 2020 19:13
Өте қатты ұнады
×