ойын сауық отауы
Сүйме мені...
03.04.2021 3 516 0 Admin

Сүйме мені...

Өлеңдер
Сүйме мені...

Бақытсыз боп қалсам да сенсіз,
Сүйме!
Тас жүрегің тап болар емсіз күйге.
Есерсоқтай кетерсің дала кезіп,
Өмір жоқтай көрінер "менсіз үйде".

Мың əуреге салармын сөзсіз,
Сүйме!
Көңіліңе сезімді көзсіз түйме.
Ғаріп жаның жаншылып,
Құр бекерге,
Диуанадай түсерсің ессіз күйге.

Құр өткізіп күн, апта, айды,
Сүйме!
Көңілімнен жасап ап жайлы күйме.
Ұқтырып - ақ бағам деп,
Түбінде бір,
Жұқтырып ап жүрерсің қайғы,
Тиме!

Жаным - жаным,
Айтарым - Сүйме мені!
Бос сезімнің болмашы күйгелегі.
Сүйген емес,
Керегі -
Мына маған,
Бір жүректің жазықсыз күймегені.
Санжар Ғұлама


Сүйіпсің мені... Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп? Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп?
Бұл заманда не ғаріп? Ақ қалалы боз ғаріп Жақсыларға айтпаған, Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп
Қуандык Рахым - Лаула Қуандык Рахым - Лаула
Қуандык Рахымның жаңа әніне бейнебаян.
Нұрлан Әлімжанов - Сүймесең сүйме Нұрлан Әлімжанов - Сүймесең сүйме
Нұрлан Әлімжановтың 2017 жылғы жаңа әні "Сүймесең сүйме"
Бейісте бар сұлу жар Бейісте бар сұлу жар
«Бейiсте бар сұлу жар, Мінсiз таза хор қыздар, Рахат берер бал кәусар»,– Дейдi бiздiң молдалар.
Сүйген ерін Сүйген ерін
Сүйгісі келе берер сүйген ерін, Сүй, жаным! Сүйкімді бір күйге енемін. Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, Ағытшы бешпетіңнің түймелерін?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×