ойын сауық отауы
Ғылым
05.06.2016 3 689 0 Дауыл

Ғылым

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,
Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ».
Зулатып шариғатты шарт жүгініп,
Молдекең отырғанда мойнын толғап.
Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара жатыр алға таман.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» —
Деген сөз аятпенен бірдей маған.
Алақтап артымызға қарағыштап,
Жүргенде - ақ озып, ұзап кетті заман.
«Нәрсені түске енбеген өңде көрдік,
Соларды тапқан — ғылым» дейміз жаман.
«Ғылым» деп нені үйрендік біздер жаста,
(Айтқаным бекер болса, алмай таста!
Табылар ақтайтын да, боқтайтын да,
Сөз емес арнап жазған дос пен қасқа...)
Әйелмен пәлен бар деп жанасқанда,
«Пәлен» деп ұйқысырап адасқанда,
Үйрету балаларға қандай жақсы,
Ақылға салып, ойлап, бал ашқанда.
Мектепте оқымаған білмей жүр ғой
Жердегі мал — мақұлық, құс аспанда.
Айтамын молдекең жоқ оңашада,
Сөз бермес «кәпірсің» деп таласқанда.
Жазған сөз жаным ашып алашыма,
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еттен етім, бауыр жұртым!
Қараған «Қаратаудың» қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің1 зияратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма моласына,
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып тажалдың бұтханасына,
Ес кетіп, сабыр қалмай, сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына,
Ұмытып Құдайды да, құранды да,
Бас ұрма ләнат - манат2 ағашына.
1 - Діни аңыздың кейіпкерлері.
2 - Қарғыс мағынасындағы айтылған ұғым.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Інішегіме - Сәкен Сейфуллин Інішегіме - Сәкен Сейфуллин
Ойынды қой, оқы інішегім, алға бас! Жарқыратып ақ нұрменен көңіліңді аш. Балалыққа жас миыңды алдатпа, Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Математика – ғылымдар патшасы Математика – ғылымдар патшасы
Сырын ашып беретін әр ұғымның, Ғажап сырды осыдан сен ұғындың. Қиыны мен қатар тұрар қызығы, Математика – патшасы сан ғылымның.
Орнымыз медресе оқып жатқан Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. «Аз - көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Ғылым таппай мақтанба, Ғылым таппай мақтанба,
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.
Есек пен үкі Есек пен үкі
Үркектеу, үйір емес онша қолға, Бір Есек ұзақ сапар шықты жолға. Есектің бойы тәуір болғанменен, Есепте қосылмайды есі молға.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×